"140 мың теңгеге бетіне крем алады": Балжан Бидаштың шығынын айтқан Жахан жылап жібере жаздады

0
7 239


"Бетіне жағатын кремі 140 мың теңге тұрады" деген актер оның жарты ақшасын Балжанның төркінен сұрап отыр.

Десе де мұнысын әзіл деп қабылдаған туыстары оның әрекеттеріне күліп отыр. Желіде талантты актер Жахан Утарғалиев пен әнші Балжан Бидаштың қызықты видеолары танымал екені белгілі. Сол видеолардың бірі желідегі топтарда тез тарады.

Онда Жахан Балжанның төркінінде отырып, "Қыздарыңызды алақаныма салып отырмын. Бірақ 140 мың теңгеге бетіне крем алуы сұмдық" деп ренжіген болған.


Бұны көрген желі оқырмандарының көбі Жаханды сынға алған. Олар "Әр нәрсенің өз орны бар емес пе. Үлкенді сыйлау керек. Мынау деген ұят?", "Бақырудан басқа дым білмей ме құр айқай" деген сынды ойларын жазған.