«Балаға 1 жасқа дейін төленетін ақшаны 3 жасқа дейін ұзарту керек...»

0
15 894

Жұрт билікке жетпеген сөздерін айтыскер ақынның парақшасында жазып жатыр...


«Балаға 1 жасқа дейін төленетін ақшаны 3 жасқа дейін ұзарту керек...»

Елдің зарын, қайғысын, мұң-мұқтажын ежелден-ақ ақын-жыраулар айтқан. Қазақ халқы ертеден-ақ ақын өлеңінен жұбаныш тапқан, жырау жоқтауынан қайғысын басқан. Бұл біздің – қазақ халқының ұлттық сипаты. Ұлтымыздың ерекшелігі де осында.

Еліміздегі 4-ақпан күні өрт салдарынан орын алған қайғылы оқиғаға орай, халықтың шерін ақындарымыз өлеңмен жеткізіп жатыр. Бес ботасынан бір күнде айырылған ата-ананың, бүкіл қазақ елінің қайғысын айтыскер ақын ағамыз Балғынбек Имашев те 4 шумақ өлеңге сыйғыза білді.


Ақын ағамыз инстаграм парақшасында (@balgynbek_imash) «Әр қазақ, әр адам, әр азамат қымбат бізге!» деп барша қазақ жұртына қайғырып, көңіл айтты.

***
Мынау бес күн жалғанға қонақ Ана,
Қайырым мен мейірден қоғам ада.
Бес баладан бір күнде айырылып,
Жаспен бірге жанардан сор аға ма?
***
Түнде ризық табам деп ол ана да,
Сорлап қалды-ау бейшара сол арада.
Өртте кеткен бес қызы тіріле ме,
Көкке кеткен бес құсы орала ма?
***
"Ақымақтар туғанды доғара ма?
Жоспарлама сәбиді, жобалама!"
Деп отырған әкім мен дәрігерлер,
Балалы үйдің қорғаны бола ала ма?
***
Бес баладан айрылған сонау Ана -
Бес саусағы шабылған шолақ Ана!
Бес бөлмелі енді оған үй берсе де,
Баласыз үй – қу мазар, мола ғана...
***
Алла Сабыр берсін! Амал қанша?..


Халықтың мұң-мұқтажын өлеңмен билікке жеткізетін ақын, жазушы деп білетін оқырмандар айтыскер Балғынбек Имашевтің инстаграм парақшасына өз ұсыныс тілектерін жазып жатыр.

Оның бірі: «Балғынбек аға, менің ойымша балаға 1 жасқа дейін төленетін ақшаны 3 жасқа дейін ұзарту керек сіз қалай ойлайсыз? Осы сөзімді парақшаңызға шығарыңызшы өтініш» деп жазды.


Расында, жақсы ұсыныс екен. Сіз не дейсіз, оқырман?


Фото: aitysker.org

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ақынның БЕС ҚЫЗдың қазасы туралы ӨЛЕҢІ жұртты жылатты


Гауһар түрмеден шығып, халыққа алғысын видеомен жолдады (ВИДЕО)


Гауһардың ТҮРМЕДЕ жазған ХАТЫ көпке ой салды