​Қайрат Нұртасты «№1» деген Алтынай Жорабаева жұртқа жақпай қалды

0
5 731

"Димашты неге осылай салмайсыздар парақшаларыңызға?"


​Қайрат Нұртасты «№1» деген Алтынай Жорабаева жұртқа жақпай қалды

фото: интернеттен алынды

Танымал әнші Алтына Жорабаева Қайрат Нұртасты «№1» дегені үшін сынға қалды.

Қайраттың концерттегі шырқаған әнінің бейнежазбасын инстаграм парақшасына салып, «Керемет концерт! Жаным сол, Алла тіл-көзден сақтасыншы. @kair_n Мен үшін Номер 1» деп жазғанына көптеген оқырмандары келіспеді.

«Қазақстан бойынша номер 1», «Димаш номер 1, Қайрат соған жетіп алсын, ренжімеңіздер», «фонограммамен ән айтатын әнші 1 емес», «Димашқа жетпейсіңдер» деп пікір жазды оқырмандар.

«Димаштың Песня годадағы айтқанын неге осылай шығармайсыздар парақшаларыңызға? Ресейліктер тік тұрып қошемет көрсетіп жатыр, сіздер неге көрмейсіздер ондайды?» деп ашына жазды желі қолданушыларының бірі.


Арасында Димаш пен Қайраттың өздеріне тән дауысы мен ерекшеліктері бар екенін айтып басу айтқандар болды. Екеуін бөліп-жаруға келіспейтіндер де өз ойларын ортаға тастады.

ERNUR.KZ