"ШЫРЫНМЕН КИНОҒА ТҮСПЕЙМІН" деген танымал актердің шындығы ашылды

0
4 167

Танымал әзілкеш Әбунасыр Серіков пен Шырын бір кинода өнер көрсететін болды.


фото: ашық дереккөзден

Атышулы Шырынмен бір кинода төбе көрсетпеймін деп шу шығарған актердың бар шындығы белгілі болды. Әлеуметтік желіде желдей ескен видео барлық түсірілімдері аяқталып болғаннан соң ғана жазылған екен. Бұл туралы "Аташка на хайпе" киносының продюсері Сәбит Рахибаевтың "Той Думан" арнасының тілшілеріне берген сұхбатында белгілі болды.

"Басқа қыз таппадыңдар ма?" деп айғайға басқан әзілкештің Шырынға шүйлігуі тек түсірілім аяқталғаннан соң ғана пайда болыпты. Араларында келіспеушіліктің болғандығын продюсер Сәбит Рахимбаев та растап отыр. Бірақ видеоны кім түсіріп, кімнің желіге жүктегенінен бейхабар екен.

"Араларында кикілжің болды, енді мен не айта аламын, дау болды, тек түсірілімнің соңында. Сосын біз сөйлесіп, "Бұл аташка на хайпе" киносы, Атауына лайықты сондай атышулы кейіпкерлермен кездесу болады деп түсіндірдік. Кез-келген туындыда шиеленіс болуы тиіс. Бұндай тақырыпты қозғамасқа да болмайды. Өйткені, қызықсыз болады. Бұл өзекті тақырып. Сондықтан да "аташка" мен Шырынның бір туындыда кездескені маңызды. Видео бұрын түсірілген. Бірақ, оның кімнің жүктегенін білмеймін. Мойындамай отыр", - деді продюсер Сәбит Рахимбаев.

Ал, шиеленіске себепші болған "аташка" Әбунасыр Серіковтың өзі ем қабылдап жатқанын алға тартып, жауап беруден бас тартты. Десе де, туындының басы-қасында жүрген мамандар таралған видео пиар жасаудың бір көрінісі емес екенін айтты.

"Жоқ бұл қара пияр емес. Күтпеген жағдай болды. Барлығы шешілді. Сол оқиғадан кейін олар бір түсірілім алаңында кездескен жоқ",- деп жауап берді продюсер.

Айта кетейік, отандық комедия жанрындағы кезекті туындының режиссері Ануар Матжанов, ал продюсерлері - Дауыт Шахисламов пен Сәбит Рахимбаев. Хайпты көрсету арқылы, көпшілікке ой салғысы келетіндер, бұл кино осы жылдың соңғы айларында көрерменге жол тартады деп жоспарлапты.

Өз кезегінде оқырмандар да пікір білдіріп үлгерген. Олар, бұл кино шыққаннан соң көрмеуге кеңес етіп отыр.

"Сол қызды неге біздің қазақ төбелеріне көтеріп жатыр. Мына режиссерларда намыс жоқ екен", " Енді киноға түсетін қыздар шешінетін болды. Шешінсек киноға ене алады екенбіз деп", "Ақшаны желге ұшырып, басқа кино түсіруге болмайды ма мағынасы бар", - деп оқырмандар өз ойларымен бөлісті.

ERNUR.KZ