Танымал шоумен Заттыбектің ұлына ерекше сый жасады (видео)

0
9 635

Оны көрген оқырмандар "Елбасына ұқсасын" деп тілек білдірді.


Танымал шоумен Заттыбектің ұлына ерекше сый жасады (видео)

Осыдан он күндей бұрын әнші Заттыбек ұлды болып, алты алаштың барлығы бірге қуанған еді. Оған Бихан деп ерекше есім берді.

Заттыбектің ұзақ жыл күткен ат ұстарына тілек арнап, ниеттестік білдіргендер желі де өте көп болды. Ол үшін елдің сүйіктісі халқына алғысын айтып, қуанышымен желіде бөлісті. Сонымен қатар, сыйлық жіберіп құттықтап жатқандарға да алғысын айтып жатыр. Солардың ішінде шымкенттік танымал шоумен Фархад Балқыбекұлының сыйлығы жұртты таң қалдырды.

Ол Президент күнінің қарсаңында дүниеге келген Биханға "Елбасыдай азамат болсын" деген ниетпен елбасының портретін сыйлаған.

Бұл видеоны көрген оқырмандар ерекше сыйлық екенін айтып, жақсы тілекке қосылатындарын жарыса жазу да. Біз де кішкентай ұлан елдің ұлына айналсын деген тілек арнағымыз келеді.

Тағы оқыңыз:

"Гонорары үш бума памперс қой": Тойға тапсырыс алған сәби елді күлкіге қарық қылды (видео)

"Шешініп жатпадың ба?": Жолдыбаеваның суреті желіні шулатты


ERNUR.KZ