"Ұнап жатыр": Қайрат Нұртастың келіншегі карантиннің ұзаққа созылуын тіледі

0
7 658

Карантин кезінде Қайрат Нұртастың ата-анасының үйіне ұры түскен.


Қазақстанның танымал хитмені Қайрат Нұртас қазіргі карантин кезінде өзінің және отбасының уақыттарын қалай өткізіп жатқаны турасында 31 арнаның “Бәріміз үйдеміз” жобасына берген сұхбатында айтқан.

Сұхбат онлайн режимде өткен. Сұхбат барысында әнші ата-анасының үйіне карантин жағдайы кезінде ұры түскені туралы да айта кеткен. Сондай-ақ әнші қазіргі жағдайдың отбасымен, жұбайының жанында ұзақ бірге болуына, балаларына көңіл бөлуге септігін тигізгенін айтқан.

"Қазір таңғы ас ішетін болдым, балалармның жанында көбірек болып, отбасымдағы кейбір жағдайлардан хабардар болып жатырмын" - дейді әнші.

Ал әншінің 10 жылдан кейін танымал болған жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі жағдайдың жақсы өтіп жатқанын айтқан.

"Бірге дүкен аралап, ақылдасып азық-түлік алып жүрген ерлі-зайыптыларды көріп қызығатынмын. Қазір бұл жағдай карантин кезінде өз басыма келді. Сондықтан маған карантин ұнап жатыр, ұзағынан болса екен!" - дейді хитменнің жұбайы.


Алайда әншінің жұбайының әзіл-шыны аралас сөзі, әлемді дүрліктірген вирустан құтылып, карантиннен ертерек шығуды аңсап, тілеп отырған көпшіліктің көңіліне жақпай қалған.

"Мынаның әйелінің дені сау ма?, Маған коронавирус ұнап жатыр, ұзағынан болсын, дегені несі?", "Карантин ұнап жатыр, ұзағынан болсыншы деп айтқан сөзің дұрыс болмады, Жұлдыз ханым!", "Әрине ақшасы жеткілікті болса карантин ұнайды, қарапайым халықтың жағдайымен ешкім санаспайды", - деп жазады оқырмандар.

ERNUR.KZ