Қонағын бауыздап өлтірген шымкенттік ер адам оны көміп жатқан жерінде ұсталды

0
3 575

Қонағы есін жоғалтқанда бауыздап тастаған.


Қонағын бауыздап өлтірген шымкенттік ер адам оны көміп жатқан жерінде ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттің полицейлері өз үйінде кісіні бауыздап, мәйітін көміп тастамақ болған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Үйіне келген қонағын бауыздап, мәйітін көміп тастамақ болған ер адам 44 жаста.

Тәртіп сақшылары күдіктіні мәйітті өз үйінің аумағында көміп жатқан жерінен ұстаған.

Ақпанның 15-не полицияның 102 нөміріне Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғыны хабарласып, көрші жігіттің бауыздалған мәйітті көмбек боп жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен шұғыл іздестіру тобы 1975 жылы туған ер адамды қылмыс кезінде қолға түсірген.

Күдікті өз үйіне қонаққа келген жәбірленушімен араздасып қап, төбелесе кеткені анықталған. Үй иесі пышақ алып жәбірленушінің мойынын жарақаттаған. Қонағы есін жоғалтқанда бауыздап тастаған. Қылмысын жасырмақ боп аулаға мәйітті көмбек болған. Күдікті өз кінәсін толық мойындапты.

"Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдікті екі айға қамауға алынды. Оған ҚР ҚК нің 99 бабы, 1-ші бөлігі , "қасақана кісі өлтіру" бойынша айып тағылған", - деп хабарлады судья Сержан Айнабеков.