Шымкенттік компанияда еден жуушы 156 мың теңге айлық алады

0
6 763

Шымкентте құрылыс компаниясында жұмыс істейтін еден жуушы 150 мыңнан астам айлық алады.


Шымкенттік компанияда еден жуушы 156 мың теңге айлық алады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында құрылыс жұмыстарымен айналысатын компанияның кеңсесінде еден жуушы 156 мың теңге жалақы алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР вице-премьері Гүлшара Әбдіқалықованың шымкенттік кәсіпкерлермен кездесуі барысында мәлім болды. Жиында бұл жөнінде "Отау строй" компаниясының бас директоры, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Шымкент қаласындағы Өңірлік кеңсесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов хабарлады.

"Қазір мекемеде 765-тей адам жұмыс істейді. Оның ішінде 72 көп балалы ана, 15 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Осы биылғы жылдың өзінде 35 қызметкерімізге пәтермен қолдау көрсеттік. Үйдің бағасын арзандатып көмектестік. Бізде орташа жалақы 143 мың теңге, ең төменгі жалақы 68 мың теңге. 68 мың теңгені бізде күзетпен айналысатындар алады. Ол кісілер 1 күн жұмыс істейді де, 2 күн демалады. Демалыс күндері қосымша табыс табар деп ойлаймыз. Әрбір жұмысшыға TPI-на қарап ақша төлеуге тырысамыз. Мысалы, біздің офистегі еден жуушы 156 мың теңге айлық алады. Өйткені ол кісі өз жұмысын жақсы істейді", - дейді кәсіпкер.