"Реал" франциялық шабуылшы Мбаппены рекордтық бағаға сатып алуы мүмкін

0
1 614

Мадридтік футбол командасы Мбаппені өз қатарына қосу үшін 300 миллион еуроға жуық ақша төлеуге дайын.


Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Футболдан Мадридтің "Реал" командасы "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы, франциялық Килиан Мбаппені сатып алуды жоспарлап отыр - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Корольдік клуб" 20 жасар ойыншының трансфері бойынша келіссөздерді бастауға ниет білдіріп отырған көрінеді. "Реал" француз үшін рекордтық (280 миллион еуро) беруге дайын екен.
Мбаппенің Мадридке көшуіне клуб президенті Флорентино Перес және бас жаттықтырушы Зинедин Зидан мүдделі. Айта кету қажет, "Реал" 2017 жылы Мбаппені сатып алмақ болған. Бірақ ол кезде ойыншы ПСЖ таңдап еді.

Дереккөз: France Football басылымы