​Қаржылық жұлдызжорамал: Сәуірде қайтсеңіз қалтаңыз қалың болады?

0
7 582

Біле отырайық, сәуірде кімнің қалтасы басқаларға қарағанда қалыңырақ болады екен?


​Қаржылық жұлдызжорамал: Сәуірде қайтсеңіз қалтаңыз қалың болады?

фото: 24smi.org

Сәуір – өзгерістер мен жетістіктер айы. Жұлдызшылар бұл айда жылдам және батыл шешім қабылдай білгендердің қаржылық мүмкіндіктері артып, қосымша табыс көзін табатынын айтады. Біле отырайық, сәуірде кімнің қалтасы басқаларға қарағанда қалыңырақ болады екен?


Тоқты

Айдың көп күнін жұмыс ауыстыру жайлы ойлармен, жаңа қызмет іздеумен өткізесіз. Бәлкім, бір шешімге келіп, жұмыстан шығып кетуіңіз де ықтимал. Ал, жаңа қызмет тауып, онда орналасып, еңбекақыға қол жеткізем дегенше табысыңыз тоқтала тұрады. Сондықтан, айдың басынан үнемдеуді бастаңыз. Орынсыз, жоспарсыз және ірі көлемді сауда-саттық жасамаңыз. Жинаған қорыңыз ай соңында қажет болады.


Торпақ

Сәуір айының қарбалас өтетіні сонша, кіріс-шығысыңызды бақылауға шамаңыз келмей қалады. Келген ақшаны ізін суытпай жұмсап жіберу әдетіңізге айналады. Оны дер кезінде тежемесеңіз, ай соңында өзіңізге қиын болуы мүмкін. Қарыз сұраушыларға да қалағанын бере бермеңіз. Алдымен сұраған адамның қаншалықты сенімді екендігін, қайтара алатын-алмайтынын, өзіңіздің финанстық жағдайыңызды егжей-тегжейлі ойланып алыңыз. Әйтпесе, біреуге беремін деп, ақыр соңында өзіңіз өзгеден қарыз іздеп кетесіз. Өзіңізбен қоса, екінші біреуге жететініне сенімді болмасаңыз, сұраушының қолын қайтарғанның айыбы жоқ.


Егіздер

Өзгелерге қалтаңыздың қалыңдығын дәлелдеп әуре болмаңыз. Не қалайтыныңызды, ірі көлемді қаржы қорын не мақсатта жинайтыныңызды анықтап алыңыз. Жаз айларында саяхатқа шығып, шетелде демалғыңыз келсе, қазіргі қыдырыс пен отырыстарды азайтыңыз.

Жалпы алғанда, бұл айда жалқаулығыңыз басымырақ болады. Салдарынан кіріс көлемі де әдеттегіден төмен. Сондықтан, шығындарыңызды қатаң бақылауда ұстаңыз.


Шаян

Табиғат-Ана оянып, далада көктемнің күні шуағын төгіп, саябақтар жасыл желекке оранып жатқанда жұмыс орнында отырып тынымсыз еңбек етуге ешкімнің құлқы болмайды. Сізде де сондай сезім бар. Бірақ, жақсы өмір сүру үшін көлемді әрі тұрақты табыстың қажет екені де ұмытуға болмайтын ақиқат. Терезеге емес, қойын кітапшаңызға қараңыз. Міндеттер мен шаруаның бәрін атқардыңыз ба? Қандай да бір қалыс қалған іс табыс көлемінің кемуіне, қаржылық жағдайыңыздың әлсіреуіне жол ашады. Сондықтан, бәрін өз уақытында тиісінше тындырып отыруға тырысыңыз.


Арыстан

Бұл айдағы қаржылық жағдайыңыз қуантарлықтай. Армандап жүрген нәрселердің көпшілігін сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Қалтаңызға өзіңізге ғана емес, жақындарыңызға да көмектесіп, сыйлық әперіп қуантуға жетерліктей қосымша қаржы түседі. Тек, артық ақшаны отбасыңыздан, жанашырларыңыздан жасырып қала көрмеңіз. Ондай жағдайда келе жатқан ақша ағынының бір бөлігі басқаға бұйырып кетуі мүмкін. Жұлдызшылар тарапынан тағы бір кеңес – бұл айда ешкімге қарыз бермегеніңіз абзал.


Бикеш

Білеміз, тынымсыз еңбек пен мойынға артығымен артылған жауапкершілік Сізді шаршатты. Бәріне қолды бір сілтеп, бәрін ойдан шығарып тастап, армансыз демалуды аңсап жүрсіз. Бірақ, астрологтар асықпауға, әлі де шыдай тұруға кеңес береді. Демалыс туралы ойларды сәл кейінге шегеріп, жұмысқа бұрынғысынша көп уақыт бөліңіз, қосымша табыс түсіретін жолдарды іздеңіз. Тым болмағанда, осы айда. Келесі айларда демалыстың уақыты келеді.


Таразы

Көкейіңізде күмән көп. Ірі көлемді сауда-саттық жасағыңыз келеді, бірақ сәтсіздікке ұшыраудан қорқасыз. Сеніңіз, бәрі бекер. Негізсіз үрейге жол беріп, жүйке жұқартудың қажеті жоқ. Бәрі өз ойыңыздағыдай сәтімен болады. Ең бастысы, өз шама-шарқыңызды дұрыс есептеп, дұрыс таңдау жасасаңыз болғаны. Ойыңыздан айнытушылар, кері үгіттеушілер табылады. Бұл ретте ешкімнің ақыл-кеңесіне құлақ аспай, өз түйсігіңізге, талдау-сараптауларыңызға сенім артыңыз.


Сарышаян

Бұл айдағы қаржылық жағдайыңызға қатысты қам жемеуге болады. Дәл қазіргі материалдық дағдарыс ұзаққа созылмайды. Көп ұзамай жаңа кіріс көздері ашылып, қалтаңыз қалыңдай түседі. Қарыз алушылар алашағын қайтарады. Біреуге берешек болсаңыз, одан да құтылуға мүмкіндік туады. Қандай да бір қаржылай көмек немесе несие алуды жоспарлап не ала алмай жүрген болсаңыз, құжаттарыңызды осы айда қайта тапсырып көріңіз. Сәтті болу мүмкіндігі басым.


Мерген

Бұл айда жұмыс көлемі біршама азаяды, сәйкесінше, табыс та солай. Алайда, оған бас қатырып, уайымдаудың қажеті шамалы. Негізгі қажеттіліктеріңізге жеткілікті кішігірім кіріс көзі болса, сол жеткілікті. Біршама уақыт ақшадан да маңызды құндылықтарға көңіл бөлуге тиіссіз. Ең бастысы, тынығуға уақыт қалдырыңыз.


Тауешкі

Бұл айда ешкіммен ақша, жұмысқа қатысты дауласпаңыз, қырсықпаңыз, ешкімге ренжімеңіз. Табыс табуға жеңіл де еркін қараңыз. Осалдыққа жол бермеңіз, өзгенің несібесіне көз тікпеңіз. Сізге өзіңіздікі де жетеді. Егер тынымсыз, бірақ нәтижесіз әрекеттерден шаршасаңыз, кәсібіңізді дамыту жолдарын таппай жатсаңыз, мамандар мен тәжірибелі таныстардан кеңес сұраңыз. Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін сәуір аса сәтті ай емес. Сондықтан, әр жобаны бастау-бастамауды «жеті рет өлшеп барып» шешкен жөн.


Суқұйғыш

Бұл айда бойыңыз ерекше жігерге толы, қарқыныңыз тау қопарардай. Нәтижесінде бұрын-соңды армандау түгілі, түсіңізге кіріп-шықпаған жетістіктерге жетесіз. Бәрі де жағымды энергияның бұрқақша атқылауының арқасында. Жаңа жобаларды қолға алып, жүзеге асыруға сәуірден оңтайлы сәт таппайсыз. Өз күшіңізге күмән келтірмеңіз, қолыңыздан бәрі келетініне сенімді болыңыз. Ең бастысы, ынта-ықылас болса болғаны.


Балықтар

Бұл айда бұйырғанына шүкір деп, қанағат етуге тура келеді. Себебі, қаржы келетін канал да жабық, оны ашуға деген ниетіңіз де жалындап тұрған жоқ. Мүлдем көк тиынсыз қалмайын десеңіз, тынымсыз еңбектенуге тиіссіз. Табысыз қалған жұмысты жаңасына ауыстыру да дұрыс шешім бола қоймайды. Ең дұрысы – қарызданып-қауғаланбай, барымен базар етіп, үнемдеу, біраз уақыт шыдамдылық таныту. Сеніңіз, бұл кезең де өтіп кетеді.

Оқи отырыңыз:

Жұлдызнама-2019: СӘУІР айы Сіз үшін қандай болмақ?

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Дереккөз: zhenskoe-mnenie.ru