​Әйелді қоздырудың бір әдісі - гель жағу

0
20 191

Ерлі-зайыптылар арасындағы бұл мәселенің шешімін осылай тауып жүргендер бар.


​Әйелді қоздырудың бір әдісі - гель жағу

Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, әйелдердің 20%-ы ғана табиғи жолмен лаззат алып, қоза алады екен. Мұның себебі ағзаның интимді байланысқа дұрыс дайын болмауы немесе психологиялық қиындықтардың болуынан дейді мамандар.

Әйел адамның жыныстық қатынастан ләззат алуы үшін оны міндетті түрде барынша қоздыру керек. Ер-азаматтар үшін бұл оңай шаруа емес. Өйткені олардың күйеуінен бөлек, күні бойы тынбай істейтін жұмысы, үйдің күйбең тірлігі, бала-шағаның машақаты бар дегендей. Осының бәрі нәзікжандылардың сексті ойлауға мұршасын келтірмейді. Тіпті, кейбірінің есіне күйеуі төсекке жатқанда ғана түсетін секілді. Осындайдан кейін әйелдер қалай тез қоза қойсын?!


Кейбір әйелдер күйеуіне сүймей қосылып, оған деген ынтызарлығының жоқтығынан төсекте ләззат ала алмайды. Соның әсерінен табиғи түрде ылғал бөлінбей, қосылу кезінде ауырсынады. Қынаптың құрғауы оның шырышты қабығының жарылуына, жарақат алуына алып келеді. Сондықтан да әйел заты мұндай жағдайда жыныстық қатынасқа түсуден қашқақтайды. Күйеуіне деген жеккөрініші оны жанынан алыстатып, итермелеуге тырысады. Бірақ, табиғаттың заңдылығы солай болғандықтан, ерінің алдындағы міндетін орындау үшін ғана олар өздерін құрбан етеді. Алайда, дәл қазіргі таңда әйелдердің бұлайша қиналуына жол жоқ. Табиғи жолмен қынап ылғалданбаған жағдайда, түрлі жақпа гельдерді пайдаланып, ойлағанындай дәрежеде төсек ләззатын алуына болады.


Жақпаларды қандай жағдайда қолдану керек:

  • Әйелдің күйеуіне деген құштарлығы болмаса;
  • Күйеуімен қосылу – ол үшін жиіркенішті болса;
  • Жыныстық қатынас кезінде қандай да бір ауырсынуды, жайсыздықты сезінетін болса, дәрігермен кеңескеннен кейін пайдалануға болады.


Жақпа майларды қоздыратын әсері болғандықтан ғана пайдаланатыны белгілі. Дегенмен, мұндай гельдердің мынадай пайдалы әсерлері де бар көрінеді:

  • Кіші жамбаста орналасқан ағзаларға қанның тез жетуіне көмектеседі;
  • Сексуалдық белсенділікті арттырады;
  • Жыныстық қатынастың ұзаққа созылуына септігін тигізеді;
  • Жақындасу кезінде жайсыздықты болдырмайды.

Жақпалардың қандай түрлері бар?

Заман талабына сай жақпалардың түрі өте көп. Бірі өте жағымды әсер қалдырса, енді бірі керісінше кемшіліктерге бай болуы мүмкін. Сол себепті де жақпаларды таңдағанда мыналарды біліп жүрген артықтық етпейді.

Судан жасалған, май қосылған, силиконды түрлері кездеседі.

Осылардың ішіндегі су қосылған жақпалардың + жақтары мынадай:

  1. Тез жуып тастауға болады.
  2. Аллергияның туындауына жол бермейді.
  3. Мүшеқап киген кезде де пайдалануға болады.

Ал, майлы жақпаларды:

  1. Мүшекқаппен бірге қолдануға болмайды;
  2. Аллергия беруі мүмкін.

Силиконды жақпалардың + жақтары:

  1. Ұзақ уақыт бойы әсерін жоймайды;
  2. Аллергиялық әсері жоқ;
  3. Бассейнде, душта пайдалануға болады;
  4. Мүшеқап кигенде де жағуға мүмкіндік береді.

Сексуалдық байланысты арттыратын мұндай жақпаларды қайдан алуға болады?

Егер сіз осы уақытқа дейін жақпа-гельдерді пайдаланбаған болсаңыз, қайдан сатып алуға болатынын білмесеңіз, оны дәріханалардан, секс-шоп дүкендерінен, супермаркеттерден табасыз.

Жақпа-майды үйде дайындаңыз

Егер сіз жақпа-майды дүкеннен сатып алуға қысылатын болсаңыз, өз қолыңызбен үй жағдайында жасай аласыз. Ендеше жақпаның екі түрін жасап көрейік:

  1. Глицерин мен банан араласпасы. Екеуінен жақпа дайындау үшін бананды блендермен езіп, біркелкі массаға айналғанда бірнеше тамшы глицерин қосып жібересіз. Глицериннің орнына вазелин қоссаңыз да еш кері әсері болмайды.
  2. Кез келген эфир майын қыздырып, оған бірнеше тамшы афродизиак қосасыз. Жақсылап араластырып, салқын жерге 2-3 күн қойып қою керек. Сосын пайдалана беруге болады.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Бала жыныстық қатынастың үстінен түссе... НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?


АЛМА ҚОЗДЫРАДЫ - жыныстық қатынас туралы 15 ФАКТ