​Әйелдің санында да қоздырушы нүктелер бар

0
11 114

Сүйісу кезінде әйелдің санын сипалап, аймалау, жай ұрғылау да еріксіз сезімге бөлейді.


​Әйелдің санында да қоздырушы нүктелер бар

Әйел заты өте нәзік, сезімге берілгіш келеді. Олардың төсек қатынасында да бұл сезімталдықтары өте жоғары болады. Дегенмен әйелдің сезім нүктелерін дер кезінде таппаса, оның ынтызарлығы басылып қалуы мүмкін. Мәселен, келіншегіңіздің өзі төсек қатынасын қалап тұрған болса, оның барлық сезім нүктелері жақсы жұмыс істейді. Ал, қаламаған жағдайда бұл нүктелерді табу қиын. Сондықтан да ер азаматтарға әйелдің нені қалайтынын, нені қаламайтынын біліп алған жөн. Төменде біз әйел ләззатын оятатын нүктелерге тоқталмақпыз. Сіздің де біле жүргеніңіз артықтық етпейді.


Сүйісу

Әйелдердің ең күшті сезім нүктесі ерні болып табылады. Нәзікжандылардың бірі

баяу сүйісуді қаласа, енді бірі бірден тарпа бас салатын сүйісуді қалайды. Осылайша сүйісу арқылы оның басқа да сезім нүктелерін оятуға болады. Алайда, сүйісу дегеніміз – әйелдің еркінен тыс құшақтап ерінге жабыса кету емес. Сүйісу арқылы әйелдің сезім нүктелерін оятатын болғандықтан еркектерге баяу қимылдап, әдемі сүйісуді үйрену керек.

Нәзік француз сүйісі де әйелдерге ұнайды. Яғни, ерніңіздің сүйіктіңіздің ерніне білінер-білінбестей етіп тигізесіз. Ал, үнділік сүйісуді пайдаға асырғыңыз келсе, тілмен әрекет етуге тура келеді. Мұндайда тілді сүйіктіңіздің тіліне тигізіп, сезімге беріле түсесіз. Бұл әрекет сізге де, серігіңізге де ұнайтыны сөзсіз.

Құлақ айналасы мен мойын нүктелері


Құлақ, мойын, иық - әйелдердің қоздырушы нүктелері болып табылады. «Әйелдер құлақпен сүйеді» дегендей, осы нүктелерді сүю арқылы әрі сезімді оятатын нәзік сөздермен де қоздыра түсесіз. Олар бұл нүктелерді сүйгенде еріксіз сезімге беріліп, өзінің ләззат алып жатқанын байқатады. Сондай сәтті құр жіберіп алмай, әйеліңізді одан сайын қоздыра түсуге тырысуыңыз керек. Бұдан бөлек, мойын мен иықты да айта өтейік. Мойынның сезімталдығы өте жоғары болады. Міне, аталған нүктелерді барынша асқан сезімталдықпен сүйетін болсаңыз, ойдағыдай нәтижеге қол жеткізесіз.

Мойынды, иық пен құлақ айналасын сүюмен қатар, аймалаған да әйелдерді қоздыра түсетінін ұмытпаңыз.


Көкірек сезімталдығы

Мойын мен иықтан төмен әйелдердің күшті сезім нүктелері орналасқан. Әйел омырауын аймалап, сүю еркектерге де ерекше сезім сыйлайтыны белгілі. Ал, әйелдер көкірек үрпісін сүйгенді қалайды. Омырауды жай ғана қысып, аймалау, үрпісін сүю әйелді барынша қоздыра түседі.


Жыныстық мүшелер

Клитор - әйелдің ең сезімтал эрогенді аумағы саналады. Әйелдердің көбі клитор мен қынапқа кіру жолдарына әсер ету арқылы оргазм алады. Осы мүшелерді сүю арқылы сіз сүйген жарыңызды қоздырудың шегіне жеткізе аласыз.


G нүктесі қынаптың үстіңгі қабатында, қуық қалбыршағының астында орналасқан. Диаметрі 2-2,5 см. G-нүктесін сипалау әйелдерді қоздыра түсетіні анық. Алғашында бұл нәзікжандыларға жағымсыз әсер сыйлағанымен, арты ләззат сезіміне ұласады.


Екі жауырынның ортасы

Екі жауырынның ортасында қандай сезім нүктесі деп ойланып отырған боларсыз. . Мысық тұқымдас арыстан, жолбарыстар шағылысу кезінде ері ұрғашысының дәл осы жауырын ортасын ұстап тұрады екен. Бұл аумақ әсіресе әйелдерде сезімтал келеді.


Әйелдің саны да сезім нүктелерінен тұрады. Сүйісу кезінде әйелдің санын сипалап, аймалау, жай ұрғылау да еріксіз сезімге бөлейді. Сонымен қатар табан мен тізе астындағы аумақ та эрогенді нүктелерге жатады. Алайда кейбір әйелдердің бұл аумақтарды сүйгенде не сипалағанда қытығы келуі мүмкін. Сондықтан абай болған дұрыс.

Дайындаған: Жайна ТЫНЫШБЕК,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Әйелді қоздырудың бір әдісі - гель жағу


Бала жыныстық қатынастың үстінен түссе... НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?