​Интимді аймақты ұстарамен қыру қаншалықты дұрыс?

0
5 084


​Интимді аймақты ұстарамен қыру қаншалықты дұрыс?

Интимді аймақтың өте нәзік әрі жанды жер екені белгілі. Сол себепті де төменгі жақтың тазалығын сақтау кезінде өте абай болу керек. Әсіресе қыз-келіншектер бикини аймағын қыру кезінде келеңсіздіктерге тап болатыны белгілі. Ондай жағдайлар болмас үшін не істеу керектігін біліп алған артықтық етпейді.


  • Ең алдымен сапалы әрі өткір бір реттік құралды сатып алыңыз. Қазіргі таңда мұндай қырыну құралдарының түрі де өте көп. Бірақ та қырыну құралы ең арзан түрі болып есептеледі. Сондықтан да болар көптеген әйелдер интимді аймақты қыру дұрыс деп ойлайды.
  • Содан соң арнайы гель немесе көпіргіш құралыңыз болсын. Нәзік жерді қыру кезінде сабынды, душқа арналған гельді, басқа да құралдарды пайдаланбаған дұрыс. Себебі мұндай құралдар интимді аймақтың терісін қызартып немесе қышытуы мүмкін. Тіпті, бөртпелер шығып кетуі де ғажап емес.
  • Қырынуды душқа түсу барысында жасаған дұрыс. Себебі бұл кезде тері де, өскін шаштар да жұмсарып, қырынуға еш кедергісін келтірмейді.
  • Егер төменгі жақтағы шаштар қатты өскен болса, алдымен қайшымен қырқып, содан соң қырыну құралын пайдалануға кеңес береміз.
  • Сонымен қатар, қырынуды шаштың өсу бағытына қарай алу керек. Керісінше болған жағдайда өскіндердің түбі ауырып, қырыну да қиындай түседі. Ал, қырынып болғаннан кейін бикини аймағын жылы сумен тазалап жуып, гельмен шайынуға болады.


Қырынудың минус жақтары:

  1. Тері тітіркенеді. Екі шаптың айналасы өте нәзік болғандықтан да қырған кезде тері қызарып, ісінеді. Осындай жағдай орын алмас үшін арнайы кремді пайдалансаңыз, мұның бірі де болмайды.
  2. Жиі-жиі қырынасыз. Қырынуды күн сайын жасмасаңыз да, аптасына бір рет жасауға тура келеді. Себебі қырынғаннан кейін түктер тез өседі. Сондай-ақ, шаш өсемін дегенше теріңіз қышып, мазаңызды алатын болады.
  3. Кесіп алу. Қырыну ең тиімді тәсіл болғанымен оның зиянды жағы да жоқ емес. мысалы, нәзік аймақты тіліп алсаңыз, инфекция түсіп, тері ауруларына шалдығуыңыз ғажап емес.
  4. Қажетсіз жерлерге түктер шығуы мүмкін. Егер қырынуды дұрыс орындамайтын болсаңыз, таза теріңізге де түктер шығып кетуі ғажап емес. Алмас тиген жерге шаш шығатыны анық. Сондықтан да әрдайым дұрыс қырынуды қолға алыңыз.
  5. Сексуалдық тартымдылығыңыз жойылуы мүмкін. Кейбір еркектер интимді аймақта түктің болғанын қалайды. Мұндай түктер оларды тез еліктіріп, қоздыра түседі.
  6. Өскен түктер ағзаға зиянды бактериялар мен инфекциялардан сақтану үшін керек. Қырыну барысында немесе басқа да жағдайларда тері тілінетін болса, осындай түктер ішке инфекция түсуден сақтайтынын ұмытпайық.
  7. Интимді аймақтағы түктер ондағы жылулықты сақтап, суықтап қалмауға септігін тигізеді екен.

Қалай болған күнде де тазалықты сақтау әрбір адамның міндеті. Бірақ, қай кезде де абай болсаңыз, бәрі де ойдағыдай болары сөзсіз.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынасқа түспеудің зияны көп


ӘЙЕЛДЕР неге күн сайын ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түскенді қаламайды?