​Күйеуіңіз тек СІЗДІ қаласын десеңіз

0
5 156

«Еркек көзбен, әйел құлағымен сүйеді» дегендей ер-адамдар қыз-келіншектердің сырт келбетіне қарайтыны белгілі. Сырт бейнесі тартымды әйел еркекті еліктірмей қоймайды.


​Күйеуіңіз тек СІЗДІ қаласын десеңіз

Күйеуіңіздің басқаға көз салғанын қаламайсыз ба? Ендеше бізідң берер кеңестерімізге көз жүгіртіп, өз пайдаңызға жаратыңыз. Төмендегі айтылғандарды толық орындайтын болсаңыз, ол сіздің қасыңыздан шықпайтын болады. Тек сізді қалап тұрады.


Оны дәмелендіріп қойыңыз

Бүгінгі түн сіздер үшін керемет түн болатындай кейіп танытуыңыз керек. Мысалы, күндіз жолдасыңызға қарап көзіңізді қысып, бетінен, мойнынан сүйіп, ары өтсеңіз де, бері өтсеңіз де оны құшақтап қалуға тырысыңыз. Сонда ол сізге үмітпен қарап, сүйіспеншілігіңізге бөленетініне сенеді. Бірақ бұл түні сіз нәспіге берілмей, өз-өзіңізді ұстай біліңіз.

Бұдан бөлек, күйеуіңізді еліктірудің тағы бір мынадай тәсілі бар. Сүйген адамыңызды үйде қалдырып, өзіңіз шетелге немесе басқа қалаға саяхатқа шықсаңыз болады. Сөйтіп ұялы телефонмен байланысып, СМС жазысуға болады. Осылайша арадағы махаббатты жандандырып, еріңізді еліктіре түсесіз.


Өзіңізге ұнайтын иіс суды себініңіз

Әйелдердің иіс суы ер-азаматтарды есінен тандыратынын, магнитше өзіне тартатынын білесіздер ме? Әсіресе, нәпсіні қоздырып, тәнін қыттықтайтындай жағдайға жеткізетін иіссулар бар. Мұндай парфюмдер еркектердің есінде ұзақ сақталып, басын айналдырады.

Иіс суды күйеуіңіздің көзінше сеуіп, оны одан сайын еліктіре түсуге болады. Бұл да төсек қатынасының ең жоғарғы дәрежеде өтуіне ықпалын тигізері сөзсіз.


Ерекше хабарлама жіберіңіз

Күндіз сіз де, ол да жұмысбасты болса немесе әйел үйде, ері түзде дегендей. Осындай жағдайда еркекті ынтықтыра түсу үшін оған ерекше хабарлама жазған дұрыс. Ерлі-зайыптылар арасында өздеріне ғана түсінікті кілт сөздері болатыны белгілі. Міне, осындай астарлы сөздермен хабарлама жіберсеңіз жаны жайланып, сізге деген махаббаты арта түседі. Ең бастысы бұл хабарлама жігітіңіздің сезімдерін оятып, оны қоздыра түсуі керек.


Үнемі қошеметтеп отырыңыз

Екеуара әңгімелесіп отырғанда оның айтқан сөздеріне мән беріңіз. Тіпті, кейбір әзілдері мен ерекше әңгімелерін есте сақтап қалуға тырысыңыз. Кейін осы сөздерді сөз арасында қолданатын болсаңыз, ол сізге басқаша көзбен қарайтын болады. Еріңіздің санасында «Менің әрбір әңгімем сүйіктім үшін қызық екен ғой» деген ой қалады.

Бірақ есте сақтау керек екен деп болғанды да, болмағанды да айта берудің қажеті жоқ. Мұндайда арақатынас дамымайды, керісінше құлдырайды.

Күйеуіңіздің жасаған әрбір іс-әрекетін мақтап, мадақтаудан жалықпаңыз. Мысалы, ол фитнеске барғанды жақсы көрсе, оның сымбаттылығын айтып мақтауыңызға немесе әнші, ақындығы болса, ол жағын тілге тиек етіп, барынша жақсы сөз айтуға тырысқан жөн.

«Еркек көзбен, әйел құлағымен сүйеді» дегендей ер-адамдар қыз-келіншектердің сырт келбетіне қарайтыны белгілі. Сырт бейнесі тартымды әйел еркекті еліктірмей қоймайды. Еліктірудің ең қарапайым тәсілі – оған қарап жымию, күлу. Күйеуіңізбен сөйлескенде оны тыңдап тұрғаныңызды білдіріңіз. Сонымен қатар, қолынан ұстауға, ернінен әлсін-әлсін сүюге де болады. Бұл «сигналды» ол түсінеді деп ойлаймыз!


Одан көзіңізді алмаңыз!

Аламның ең сезімтал әрі ішкі сезімді білдіретін ең күшті құрал – көзі екені белгілі. Көз арқылы сезімді білдіругу, сөйлемей-ақ жеткізуге мүмкіндік бар. Сондықтан да күйеуіңіздің көзіне ұзақ уақыт қарап отыруға тырысыңыз. Көз жанарыңыз өз-өзіне сенімсіз жанның немесе өтініп отырған адамның кейпін білдірмесін. Көз бен көз түйіскенде оны жақсы көретініңізді, онсыз өмір сүре алмайтыныңызды, тіпті, өзін қалап тұрғаныңызды білдірсеңіз де артықтық етпейді.


Төсекке жатарда қандай киім киесіз?

Бұл туралы да сөйлесуге болады. Еркектерді әйелдердің іш киімі қоздыратындықтан, мұндай тақырып оларды бей-жай қалдырмайды. Керісінше еліктіріп, ұйықтап жатқан сезімдерін оята түседі.


Не істегіңіз келетінін айтыңыз

Ең алдымен сіздің жазған хабарламаңызды тек күйеуіңіздің оқитынына көз жеткізіп алыңыз. Содан кейін ғана әңгімеңізді бастасаңыз болады. Оған жатын бөлмеде не істегіңіз келетінін, оның сізге не істегенін қалайтыныңызды ашық жазыңыз. Осымен ғана шектелмей, дыбыстық хабарлама қалдырсаңыз да артықтық етпейді. Бірақ даусыңызды тыңдағанда құлаққа жағымды, әдемі дыбыс шығуы керек.

Дайындаған: Жайна ТЫНЫШБЕК,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ШӘУЕТІН уақытынан БҰРЫН шығарып қоятындар СЕКСОЛОГҚА баруы керек


Жаңа қарым-қатынасқа дайын еместігіңізді білдіретін 7 іс-әрекет