​Күйеуіңізге деген МАХАББАТЫҢЫЗдың қандай деңгейде екенін ТЕКСЕРІП көріңіз (Әйелдерге арналған тест)

0
4 313

Өмірлік серігіңізге қаншалықты сенесіз?


​Күйеуіңізге деген МАХАББАТЫҢЫЗдың қандай деңгейде екенін ТЕКСЕРІП көріңіз (Әйелдерге арналған тест)

Уақыт өткен сайын ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат сезімі сыйластыққа ұласады деген пайым бар. Әрине бұл бір-бірін 100 пайыз танып, түсінісе алған жандардың арасындағы қарым-қатынас. Ал 30-40 жыл бір шаңырақ астында тұрса да түсінісе алмайтындар бар. Тіпті, кейбірінің сезімдері суып, жат адамдай болып кетеді. Осындайда әйелдерге өмірлік жолдасымен байланысы үзілуге жақын жіп секілді ме әлде түйіні шешілмейтін жіпке келе ме соны біліп алу керек. Күйеуіңізбен ара-қатынасыңызды анықтап алуға төмендегі тест сұрақтары көмектеседі.


1. Сіз күйеуіңіздің басқаларға қарағанда тартымды екенін білесіз бе?

а) иә, ол мен үшін ең әдемі еркек

б) әрине, ол тартымды еркекке жатады, бірақ мен үшін ол маңызды емес

в) кейде тартымды болып кетеді, кейде тым жағымсыз

г) оны тартымды дей алмаймын, одан да әдемі еркектер толып жүр


2. Отбасында кім лидер?

а) күйеуіңіз

б) екеуіңіздің дәрежеңіз тең

в) кейде ол, кейде мен

г) өзіңіз


3. Оның қасында өзіңізді жайлы сезінесіз бе?

а) әрқашан

б) әр кезде

в) сирек

г) иә


4. Күйеуіңіз сізге дөрекілік таныта ма?

а) иә, кейде дөрекілік танытады, біраз өзі олай деп ойламайды

б) жоқ, ешқашан дөрекілік танытқан емес

в) кейде болады

г) өте сирек


5. Сіз жолдасыңызды қаншалықты жақсы білесіз?

а) өте жақсы білемін

б) ол туралы біраз нәрсе білемін

в) білмейтінім бар

г) ол жайлы бәрін білемін


6. Күйеуіңіз басқаларға қарағанда табысты еркек пе?

а) иә, оны табысты деп айта аламын

б) одан да табысты еркектер бар

в) ол өзі жайлы солай ойлағанын қалайды

г) ол өз жетістігіне өзі кесірін тигізіп жүреді


7. Ол сіздің әрбір әрекетіңізге сынмен қарай ма?

а) жоқ, ол жай ғана кеңес береді, мен тыңдаймын

б) бір-бірімізді сынамаймыз

в) иә, ол үнемі сын айтып жүреді

г) кейде болып қалады


8. Көп уақытты бірге өткізесіздер ме?

а) менің бірге болғым келеді, алайда оның қолы тие бермейді

б) әрқашанда біргеміз

в) көбіне уақытты бірге өткіземіз

г) әркімнің өз қызығушылықтары бар


9. Басқалармен салыстырғанда күйеуіңізді ер мінезді деп айта аласыз ба?

а) иә, оның бойында ондай қасиет бар

б) жоқ, олай дей алмаймын

в) оның бар болмысы маған ұнайды

г) ер мінезді деп ойланбай айта аламын


10. Басқадан кеңес алуға көбіне кім мұқтаж?

а) мен

б) күйеуім

в) екеуміз де бірдейміз

г) біз бір-бірімізден кеңес сұрамаймыз


11. Достарының ортасында ол өзін қалай ұстайды?

а) ол өзіне көңіл аудартып жүреді

б) бір қалыпты ұстайды

в) достарының ортасында өте абыройлы

г) оны бәрі жақсы көреді


12. Егер сөзге келіп қалсаңыздар, кімнің сөзі өтімдірек болады?

а) бір мәмілеге келе аламыз

б) түсінісу үшін көп уақыт керек

в) екеуміз де қайтпаймыз

г) менің сөзім шешуші сөз болады


13. Ажырасу туралы бір рет болсын ойлағансыз ба?

а) жоқ, ешқашан

б) жоқ, бірақ...

в) иә

г) мүмкін


14. Сізді ұнататын басқа ер-азаматтар бар ма?

а) жоқ, күйеуім ондайға жол бермейді

б) мен күйеуіме адалмын

в) кейде болады

г) әр кезде


15. Күйеуіңіз бұрынғы қарым-қатынасыңыз жайлы не айтады?

а) кері әсері көп

б) реніші бар

в) ол менің қарым-қатынасымды айтуға қиналмайды

г) тек жағымды әсер сыйлайды


16. Ара-қатынастарыңыз жайлы не ойлайсыз?

а) мен өте бақыттымын

б) оны жан-тәніммен сүйемін

в) ара-қантынасымыз күнделікті өмірімізге байланысты

г) оның маған мейіріммен қарағаны ұнайды


17. Ол үйге кеш қайтқан түні қалай қарсы аласыз?

а) оның келгенін күтемін

б) қайда болғанын білуге тырысамын

в) өзі қаласа ғана айтады

г) ұрыс шығарғым кеп тұрады


18. Ол сіз жайлы қандай пікірде?


а) қолыңнан түк келмейді дейді

б) білгішсің дейді

в) шарт-пұрт мінезің бар дейді

г) абыройымды асырып отырады


19. Өзіңіздің бұрынғы жігітіңіз жайлы ойлайсыз ба?

а) оны бұрынғыдай ойлаймын

б) біз жақсы доспыз

в) кездеспейміз

г) онымен кездескен сайын қобалжимын


20. Мына айтылғандардың қайсысы сізге жақын?

а) ол менің барлық жағдайымды жасайды

б) ол менсіз ешкім емес

в) менің бойымнан бір кемшілікті байқаса, бірден өзіме айтады

г) ол менің шешіміммен әрдайым келіседі.


Енді жауаптарға көз жүгіртіңіз!

Егер сіз «а» жауабына көбірек тоқталған болсаңыз...

Сіз өмірлік жолдасыңызды жай сүйіп қана қоймайсыз, ол үшін жаныңызды беруге дайынсыз. Сіздер бір-біріңізді түсініп, мейрімділік пен сенімділік танытасыздар. Күйеуіңіздің жетістікке жеткенін қалайсыз. Оған бар мүмкіндікті жасауға тырысасыз. Егер ол биікке шығып жатса, оның көлеңкесінде қалып қоюдан қорықпайсыз.

Барлық жағынан алып қарасақ та сіз өте жақсы әйелсіз. Сондықтан да өзіңізді ойлауды, бағалауды ұмыт қалдырмаңыз!


Егер сіз «в» жауабын көбірек таңдаған болсаңыз...

Жолдасыңыз өзіне сенімді ер-азамат. Екеуіңіз бір-біріңізге қатты ұқсайсыздар. Күйеуіңіз өзіндік ойы бар еркек болғандықтан да үнемі лидер болуға талпынады. Бірақ сіз бұған мүмкіндік бермейсіз. Ол да сізді түсінуі керек. Түсіністік танытпай жатса, түсіндіруге тырысыңыз. Сонымен қатар, жұмсақ әрі нәзіктеу болыңыз.


Егер сіз «б» жауабын көбірек таңдасаңыз...

Жолдасыңызбен өмір бойы бірге болғыңыз келеді. Оның жағдайын жасаймын деп, сіз өзіңізге көңіл бөлмей кеткенсіз. Жақсы көретін істеріңізбен айналыспағалы қанша болды? Мұндай әйелдерді еркектер бағалай бермейді. Себебі біраз уақыт өткеннен кейін күйеуіңіз сізді анасындай көруі мүмкін. Сондықтан да өз-өзіңізді қолға алуды бүгіннен бастаңыз.


Егер сіз «г» жауабын көбірек өзіңізге жақын көрсеңіз...

Отбасында лидер өзіңізсіз. Күйеуіңіз де бұл жағдайға көндіккендей. Бірақ та сізден сын естіген сәттерде өзін қоярға жер таппай, ыңғайсызданады. Бұны сіз де жақсы білесіз. Дегенмен, сіздің отбасындағы шешімді сөз айтатын адам ретіндегі рөліңіз өзіңізге жарасады. Кей жағдайларда әйелдеің лидер болуы отбасының беріктігін сақтауға көмектеседі.

Дайындаған: Қ.Өмір,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Интимді аймақты ұстарамен қыру қаншалықты дұрыс?


Ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынасқа түспеудің зияны көп