​Күзгі sex-ті ойдағыдай ететін 5 техника

0
4 963

Мамандар күн суытқанда интимді байланыстың аса қажет екенін ескертеді.


​Күзгі sex-ті ойдағыдай ететін 5 техника

Күз-қыс айларында сексуалдық белсенділіктің төмендейтінін ғалымдар бұрынырақта дәлелдеп қойған. Себебі бұл уақытта күн суытып, атмосфера қабатының ылғалдылығы артатындықтан адамның ұйқысы келіп, үнемі шаршаңқы жүреді. Секске деген құмарлық азаяды.

Сексологтардың айтуынша бұл кезеңде эрогенді аймақтардың да сезімталдығы мен қуаныш гормонының мөлшері төмендейді екен. Соған қарамастан мамандар күн суытқанда интимді байланыстың аса қажет екенін ескертеді. Жыныстық қатынас жүйке жүйені тыныштандырып, енжарлықты жояды. Олай болса, күзде интимді қатынасты жақсартудың мына 5 амалын жасап көріңіз. Арадағы салқындық, төсекке деген суықтықтың орнын құштарлық, ыстық сезімдер билейтін болады.


Сүйген жарыңызбен секс жайында әңгіме қозғаңыз

Егер сіз бұрын-соңды мұндай әңгіме бастап, өз сезімдеріңіз жайлы айтпаған болсаңыз, дәл бүгін сүйіктіңізбен осындай әңгіме-дүкен құрып көріңіз. Басында жай ғана жеңіл-желпі сөздер айтып, біртіндеп оның сезімдерін оятатын, ынтызарлығын арттыратын әңгімеге ұластырасыз. Әңгіме барысында тек аузыңыз жыбырламай, қолыңыз да қимылдасын. Өкінішке орай кей жағдайларда, әсіресе осындай күз мезгілінде көп ерлі-зайыптылар арасындағы байланысты секстің айналасындағы әңгімелер де жақындата алмайды. Мұндайда амалсыз өзіңізге не ұнайтынын, қай жеріңізден сүйгенін қалайтыныңызды айтып, ашық әрекетке көшесіз. Сонда ғана секс ойдағыдай болуы мүмкін.


Қиялыңызға ерік беріңіз!

Аспанды бұлт торлаған, жаңбырлы күндері үйден шыққың келмейтіні белгілі. Бірақ та есіктен шықпай-ақ, ойыңыздың шегінен шығып, қиялға ерік беруге болады. Қиялда шек жоқ. Барынша ойыңызбен алысып, самғап ұшыңыз. Бұл да сіздің сезімдеріңізді оятуға септігін тигізетін ең керемет техникалардың бірі. Сосын сүйген жарыңызға жақындап, қиялыңызды жүзеге асыруға асығыңыз.


Оргазм алу міндетті емес!

Суық ауа-райы, адам табиғатының күз мезгіліндегі жүйке жүйесінің шаршауы, стрестік жағдайлар оргазмды ойлауға мұрша бермейді. Егер сізге ләззат алу қиындап кетсе, жай ғана сүйіктіңіздің ыстық құшағында жатып, аймаласумен шектелсеңіз де болады. Мұның өзі адамның нерв талшықтарына айтарлықтай жағымды әсер етеді.


Жиі-жиі жыныстық қатынасқа түсіңіз!

Адам психикасы өте қызық әрі түсініксіз дүние. Жаз айларындағы ыстық қарым-қатынас пен ынтызарлыққа үйреніп алған ағзамыз, күздегі салқындыққа үреймен қарайды. Сол себепті де өзіңіздің немесе жолдасыңыздың бойынан секске деген немқұрайлылықты байқасаңыз, сол мезетте іске кірісіңіз. Қайтадан оргазмды тояттандыратын әрекеттер жасаңыз. Дәл осылай жиі-жиі жыныстық қатынасқа түсуді жоспарлы түрде орындайтын болсаңыз, көп уақыт өтпей-ақ бұрынғыдай құмарлықтың шыңына шығатын боласыздар.


Арнайы курстарға жазылыңыз!

Арнайы секс-курстарда өзіңіздің білмейтін нәрселеріңізді үйренесіз. Мысалы, эротикалық массаж жасауды немесе қоздырушы нүктелердің қай жерде орналасқаны жайлы ақпарат алуға болады. Мұндай курстар қазіргі заманның ең керекті құралы іспетті. Себебі жыныстық қатынас отбасын сақтап қалуға көмектеседі. Оны түрлендіріп, қызықты ету өз қолыңызда. Ең бастысы секстен ләззат алып, серігіңізге көңіліңіз толса болғаны.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Әйелдің санында да қоздырушы нүктелер бар


Әйелді қоздырудың бір әдісі - гель жағу