​ҚЫНАПтан «ЫҢҒАЙСЫЗ» дыбыс шықса, жаттығу керек

0
2 682

Қынап бұлшықетінің шыныққандығы міндетті түрде ер адамға ұнайды


​ҚЫНАПтан «ЫҢҒАЙСЫЗ» дыбыс шықса, жаттығу керек

Жыныстық қатынас кезінде бала босанған әйелдердің қынабы біршама кеңейгендіктен, ыңғайсыз дыбыс шығуы мүмкін. Бұл бала босанған әйелдердің барлығында кездеседі деу де өте қате пікір.

Бір бала босанған әйелдің де қынап бұлшықеті қатты босап кетуі мүмкін немесе бес-алты бала тапқан әйелдің қынап бұлшықеті шыныққан, мықты болуы мүмкін. Яғни, бұл әр әйелдің өзіне байланысты. Өзін өзі құрметтейтін, денсаулығына немқұрайлы қарамайтын әйел сапалы төсек қатынасын да жасай алады. Ол үшін әрине, серігінің көңілінен шығудың барлық амалдарын қарастырады.

Ал, қынап бұлшықетінің шыныққандығы әрине міндетті түрде ер адамға ұнайды. Себебі, босаңсыған қынап бұлшықеті төсек қатынасына кедергі болмағанымен, ол оргазмға жетудің жолын бөгейді.

Әйел қанша кемшіліксіз болса да жатын бөлмесінде сыртқы сұлулық пен білім емес, қынап бұлшық еттері басты рөлде ойнайды. Қынап бұлшық еттері мықты әйел кез келген ер адамды бағындыра алады. Қынап бұлшықеттерін үнемі жаттықтырып тұрмаса, түрлі проблемалар туындайды. Мәселен, зәр ұстай алмау, яғни отырып-тұрған сайын немесе қатты күлгенде, жөтелгенде, түшкіргенде зәр шығып кетеді. Геморрой пайда болады, аналық без бұзылады, тамыр кеңейеді. Жыныстық қатынасқа деген құштарлық төмендейді, климакс ерте басталады. Осылардың барлығы да қынап бұлшықетін қалпына келтіріп, шынықтырмағаннан пайда болады.

Қазіргі кезде қынап бұлшықеттерін шынықтыратын түрлі жаттығулар бар. Солардың бірі әрі ең кеңінен таралғаны


КЕГЕЛЬ жаттығуы

Оның кейбір түрін қыздар да жасауға болады. Яғни, жыныстық қатынаста болмаған, тұрмыс құрмаған қыздар жаттықса болады, ерлі-зайыптылық өмірге дайындық ретінде. Алайда миома, киста, ішкі құрылысқа операция жасағандарға вакуум жаттығуын жасауға болмайды.

Кегель жаттығуы қынап бұлшықетін жаттықтыруға арналған тәсіл.

Ол үшін қынап бұлшықетін жиырып-босаңсытып, кез-келген жерде жасай беруге болатын, жер таңдамайтын жаттығу. Бұл жаттығумен айналасып отырғаныңызды ешкім байқамайды да. Сондықтан бұл әйелдерге өте тиімді жаттығу.

-Он секунд бойы қынап бұлшықетін жиырып ұстап тұра алуыңыз керек. Бес минут бойы осы жаттығуды жасаңыз.

-Екі минут ішінде ырғақты бұлшық жиырылуы. Бес секунд қынап мойнын қысыңыз, содан кейін бес секунд босаңсытыңыз.



Қынаппен «СУ ТАРТУ»

Қарапайым жаттығу. Бірақ үйреніп алсаңыз. Егер қынаппен су тарту техникасын меңгеріп алсаңыз, сүйіктіңізбен жыныстық қатынас кезінде, ер адамның мүшесін қынаппен, яғни осы су тарту техникасы секілді ер адамның мүшесін де тартып ала аласыз.

Мұндай қимылды ер адам қаламауы мүмкін емес. Еріңіздің ойы басқа жақта болмасын десеңіз, осы техниканы меңгеріңіз. Мамандардың көмегіне жүгінсеңіз де болады немесе оңаша бөлмеде жартылай су құйылған бөтелкеге ұзындау түтікшені салыңыз. Бір ұшы суда, бір ұшын қынапқа салыңыз. Бөтелкедегі суды қынаппен тартыңыз. Су түтікшенің бойымен көтерілгенін байқаңыз. Қынапқа судың кіруі міндетті емес.


Қынаппен «ЖҮК КӨТЕРУ»

Мамандардың айтуынша адамның денесін ұстап тұрған екі қаңқа бар. Біріншісі, дененің жоғарғы бөлігі, яғни кеуде болса, екіншісі-жамбас. Жамбас қаңқасы әйел адамдар үшін өте маңызды бөлік. Ауыр затты көтеру, ұдайы ауыр жұмыстармен айналысу, яғни ер адамдарға тән физикалық жұмыстар әйелге зиян. Өйткені, ауыр затты көтеру жамбасқа салмақ түсіреді. Жамбасқа түскен салмақ ол міндетті түрде қынапқа, жатырға тікелей әсер етеді.

Әйелдің екінші жүрегі саналатын жатырды қорғау әйелдің парызы. Бұлшықеттің әлсіздігінің алдын алу үшін ауыр затты көтермеңіз, қынаптың бұлшықеттерін шынықтыру үшін «жүк көтеріңіз». Қолыңызбен емес, қынапқа әсер ететіндей 1-1,3 кг-нан аспайтын «жүкті» көтеріңіз. Қынаппен осы салмақты көтергенде, бұл жаттығуды арасын үзбей 1 ай уақыт жасасаңыз, қынаптың қатайып, жыныстық қатынас кезеңінде қынаптан ауа шығуынан арыласыз.

Жаттығуды алғаш бастағанда 500-700 грамм салмақты көтеруден бастаңыз.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЖАТЫН БӨЛМЕдегі ИДЕАЛ ӘЙЕЛ қандай?

Еркектер МЫНА үш НҮКТЕСІНЕН керемет ЛӘЗЗАТ АЛАДЫ