Пістені көп шағатын ЕРКЕК ТӨСЕКТЕ "БЕЛГІЛІ" болады

0
8 162

КӨЛЕҢКЕДЕ көп отыратын ЕРКЕКТІҢ қабілетіне ҚАУІП төне ме?


Пістені көп шағатын ЕРКЕК ТӨСЕКТЕ

Еркек те адам, ол да шаршайды. Денсаулық деген тағы бар. Күнделікті күйбең тіршілік жүйкесін алмай қоймайды. Ал жүйке кетті дегенше, денсаулық та кетті дей беріңіз.

Еркектің денсаулығы кетсе, төсектен де «түсіп» қалатыны қалыпты жағдай. Демек, әйелдің көңілі төсектен қалып жатса, оны тез арада қалпына келтіру керек. Мұны ерінің еркектік қабілетін қуаттап отыратын әйел де, өз денсаулығына бей-жай қарамайтын еркек те есінде сақтағаны қажет-ақ.


ОЛ ҮШІН МЫНА ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС ҮШІН ҚАЖЕТТІ 10 ЛАЙФХАКТЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОҚЫҢЫЗ!


Күйеуіңіз ТӨСЕКТЕ «жарытпай» жүр ме? ӘЙЕЛДЕРГЕ 10 кеңес


1.Мырыш керек

Тестостеронның еркек ағзасында маңызды рөл ойнайтыны белгілі. Сондықтан құрамында мырышы бар тағамдарды ер адамдар көбірек жеген дұрыс. Ал мырыштың мөлшері еркек ағзасында азайып кетсе, онда әйелін төсекте ләззатқа бөлеуі де кеми береді.

Сондықтан құрамында мырышы мол асқабақ дәні, пісте, бауыр мен балықты аптасына жиі жеуі керек. Әсіресе, күніне бір уыс пісте шаққан немесе асқабақ дәнін жеген еркектің қуаты ешқашан кемімейді.


2.Семірмеу керек

Еркектің денесіндегі май қабаты қалыңдаған сайын оның бойында әйел гормоны – эстроген арта береді. Бұл еркектің төсектегі қабілетіне әсер етпей қоймайды.

Егер еркектің дене салмағы қалыптыдан 30%-ға артып кетсе, онда төсектегі тәтті сәттердің азаюын өзгеден көрмеңіз. Арықтау керек.


3.Күн сәулесінен қашпаңыз

Көлеңкеде көп отыратын еркектердің жыныстық қатынасқа деген «тәбеті» ерте «таусылады» екен. Мұны зерттеген австриялық оқымыстылар D дәруменінің еркектік гормонға әсері мол екенін дәлелдеген көрінеді.

Демек, күн астында теріңізді қоңырқай тартқанша күйдіріп, белуарыңызға дейін шешініп тастап шаруа істеуден қашпаңыз. Сондай-ақ, күншуақта серуендеу де пайдалы.


4.Ұйқы қансын!

Еркектер тәулігіне 7 сағаттан кем ұйықтаса, төсектегі шаруасын ойдағыдай атқара алмайды. Бір, екі немесе үш ретке дейін өзін қинап, әдеттегісінен айнымайтынын дәлелдеуі мүмкін. Бірақ есесіне кортизол – стресс гормоны арта беретінін ұмытпаңыз.

Тыныққан аттың ұзаққа шабатыны белгілі. Уақытында демалып тұру керек.


5.Жаттығу залы

Жаттығу залы – еркектердің бойындағы тестостеронның мөлшерін табиғи жолмен, ешбір дәрі-дәрмексіз-ақ көтеретін бірден-бір орын.

Сонымен қатар, төсектегі шаруаны ойдағыдай атқару үшін дене еңбегінің де орны бөлек. Бір ғана ауыз сөзге сыйдырсақ, КҮНІ БОЙЫ ҚИМЫЛДАҒАН ТҮНІ БОЙЫ да «ҚИМЫЛДАЙДЫ».


6.Еркек СҰЛУҒА қарауы керек

Осы кеңесті әйелдер көбірек есінде сақтағаны жөн болар. Себебі, еркекті жөнсіз қызғану оның төсектегі қабілетін төмендетеді.

Оның құпиясын ашу да қиын емес. Еркек сұлуға қараған сайын бойындағы қызығушылығы оянады. Жиі қозуды сезінеді. Ал бұл еркектің жаттығуы десе де болады. (Әрине, еркектер бөгде сұлуға тамсанғаннан артыққа кетіп қалмауы тиіс, оның соңы жақсылықпен бітпейтіні белгілі...)


7.Биоритм деген бар...

Еркектік төсектегі қабілеті артып, қозуды сезінетін уақыты болады. Әдетте ол таңғы 6 мен 8-дің арасы. Ал кешкі 20.00 шамасында еркектің бойындағы тестостеронның мөлшері ең кемитін кезі. Бұл уақытта әйеліңізді құшағыңызға ала көрмеңіз. Бекерге қиындық тудырып аласыз.


8.Кортизол – жау!

Кортизол – еркектік қабілеттің жауы деп түсінген жөн. Ал оның стресс гормоны екенін ешқашан естен шығармау керек.

Стрестің емі – күлу екенін де есте ұстаған жөн. Болмашыға уайымдап, түймедейге ашуланғаннан мүмкін болған жерде шынайы жымиғанның пайдасы басқаға емес, тек өзіңізге қажет.


9.Сыраға «Қош!» айтыңыз

Төсектегі шаруаңыз оңалмай жатыр ма? Онда сыраға деген «махаббатыңызбен» қош айтысуға тура келеді.

Қайсысы КЕРЕК? Таңдау өзіңізде. Себебі, сыра құрамындағы заттар еркектік қабілеттің ата жауы.


10.Балдыркөктен бас тартпаңыз

Еркектердің көпшілігі етті тағамды дұрыс көреді.

Иә, ет тағамдары еркектер үшін орны бөлек, бірақ көкөніс пен көк-сөктің де пайдасы одан кем емес екенін білгені жөн. Әсіресе, балдыркөк (сельдерей) қосылған салаттан ешқашан бас тартпаңыз. Еркектің денсаулығы да жақсарады, төсектегі әлеуеті де артады.

Аударған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС: КӨРПЕНІ күнде «БҮЛКІЛДЕТЕТІНДЕР» БАҚЫТТЫ болады


ТӨСЕКТЕГІ ләззаттың «ТӘТТІ ДӘМІН» кетіретін 7 жағдай


Жыныстық қатынаста МЫНАНЫ шатастырып алмаңыз!