​Сексолог НЕНІ және ҚАЛАЙ емдейді?

0
12 081

Сексолог маманның балалар мен жасөспірімдерге де қажет екендігін білесіз бе?


​Сексолог НЕНІ және ҚАЛАЙ емдейді?

Сексолог – адамның қалыпты жыныстық әрекеттерін зерттеумен айналысатын дәрігер. Оның ішінде жыныстық қатынас та, жыныстық есею де бар. Сондай-ақ, жыныстық әрекеттегі түрлі ауытқушылықты да зерттеп біле алады. Аты айтып тұрғандай, өзінің біліктілігінің арқасында сексолог-дәрігерлер жыныстық қатынас пен сексуалдылыққа байланысты түрлі түйінді мәселелерді шешуге көмектеседі.


Сексология – медицинаның ғана саласы емес. Әйел мен еркектің анатомиясын білумен қатар, бұл маман биология, психология, педагогикадан да хабары болуы тиіс. Сонымен қатар, түрлі қағидалармен де жұмыс істейтінін көпшілік білмей жатады.


Сексолог-дәрігердің міндеті қандай?

Қалыпты жыныстық қатынасты зерттеу

Мұнда ең алдымен дәрігердің адамның биологиялық және физиологиялық жыныстық өміріне байланысты білімі болуы тиіс. Мұндай біліммен ол пациенттің жыныс мүшелеріндегі ауытқушылықтың белгісін анықтап, қажетті маманға бағыттай алады. Шетелдік сексологтар өзі жұмыс істейтін аймақ тұрғындарының жыныстық қатынасқа деген көзқарасы мен менталитетінен де хабардар болады.

Медициналық сексологияны зерттеу

Бұл дәрігерге пациентті тексеруге және емдеуге, белгілі бір аурулардың немесе ауытқушылықтың алдын алу шараларын жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жыныстық жүйе мен іс-әрекеттерге байланысты дерттерді анықтай алады.

Жыныстық дамуы мен әрекетінде ауытқушылығы барларға көмектесу

Мұндай ауытқушылықтары барлар психиологиялық жарақат пен аурулардың әсерінен болуы мүмкін. Дәрігер оны толықтай тексеруден өткізіп, дертін анықтайды да, нәтижелі емді қолдану арқылы жыныстық жүйенің бұзылуын қалпына келтіруге көмектеседі.

Емнің нәтиже беруін анықтау

Психотерапия немесе дәрі-дәрмектер арқылы емдеуді бастаған соң оның нәтижесін бақылап отыру да сексолог-дәрігердің міндеті. Белгілі бір уақытта тағайындалған ем нәтиже бермей жатса, онда дәрігер оны басқасына ауыстыруы керек.

Жыныстық әрекетінде ауытқушылығы барларды оңалту

Мұндай жағдайда дәрігер пациентті қоғам мен отбасындағы қалыпты өмір сүруіне қайта оралуды қадағалайды.


Сексолог пен сексопатологтың айырмашылығы неде?

Сексология – ғылым болса, сексопатология оның бір саласы ғана. Дәрігер-сексопаталог жыныстық қатынас пен жыныстық әрекеттердегі ауытқушылықты тек медицина тұрғысынан ғана қарайды.


Балалар және жасөспірімдер сексологы да бар

Бұл маман баланық жыныстық тұрғыда дамуы мен есеюі, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің бойында кездесетін жыныстық ауытқушылықты дер кезінде байқап, емдеуге көмектеседі.

Оның міндетіне:

Балаға жыныстық тәрбие беруде ата-аналарға кеңес беру. Мұндай жағдайда бала есейе бастағанда оның ағзасында ерекшеліктер орын алып, оны түсіндіруде (әсіресе, жыныстық жетілу) қиналатын ата-аналарға маманның көмегі көбірек қажет. Балалар сексологы ата-аналармен де (жыныстық мәселеде баламен дұрыс сөйлесе білу), баламен де түсіндіру жұмысын жасайды.

Жыныстық жетілу кезінде жасөспірімдерге көмек көрсету. Жыныстық жетілу мен даму кезінде жасөспірімдерге сыртқы әсерлер – теледидар, интернет немесе қатарластарының айтуы қатты әсер етеді. Сондай кезде ауытқушылық пайда болуы мүмкін немесе қателік жасауы да ықтимал. Мұнда дәрігердің міндеті – сыртқы негатив әсерден құтылып, жасөспірімге бәрін де дұрыс түсіндіру (физиологиялық және психологиялық тұрғыдан).

Баланың жыныстық жетілуіндегі ауытқушылықты емдеу. Бұл топқа жыныстық жүйесінде немесе жетілуінде ауытқушылығы бар балалар мен жасөспірімдер кіреді. Мұндайда баланы басқа мамандармен қатар (гинеколог немесе уролог) сексолог-психолог та тексеруден өткізуі керек. Маман жасөспірімге психологиялық қолдау көрсетіп, түрлі емдеу тәсілдерін қолданады. Бұл әсіресе, жыныстық қорлық-зомбылық көрген немесе куә болған балаларға аса қажет.

Жыныстық ауытқушылығы бар балаларға көмектесу. Әсіресе, өз жынысын өзгерткісі келетін ауытқушылыққа ұшыраған жасөспірімдергесексолог маманның көмегі қажет. Тек ол ғана емес, мұндай жағдайда балаға бірнеше маманның көмегі (психолог) қажет болады.


Сексолог ересектерге қай кезде қажет болады?

Сексолог қандай дертті емдейді? Бұл сұраққа көпшілік жауап бере алмай мүдіріп қалуы мүмкін. Сексолог маманның көмегі ересектерге мынадай жағдайларда қажет болады:

  • Аноргазм – бұл пациенттің оргазмды сезінбеуі (жыныстық қатынаста қанағаттанбау)
  • Вагинизм – жыныстық қатынаста немесе гинеколог тексеруінде, сонымен қатар, тампон қою кезінде әйелдің қынабы өте қатты жиырылып қалуы (қатты ауырумен бірге)
  • Уақытынан ерте шәует жіберіп қою – еркектерде болатын жыныстық қатынасқа түскенде бірнеше секундта немесе минут ішінде шәуетті жіберіп қою
  • Жыныстық қатынастағы салқындық – жыныстық қатынасқа түсуге физиологиялық тұрғыдан қабілетті болғанымен, адамның оған мүлде құлқы болмауы
  • Қозулық дисфункция – еркектердің жыныстық мүшесі қатаймауы (эрекцияның әлсіздігі)
  • Белсіздік – жұптардың бала сүйе алмауы
  • Жыныстық ауытқушылық – бұл топқа транссексуалдар (адам өзін қарама-қарсы жынысына лайық ұстауы немесе солай көрінгісі келуі, киінуі) кіреді.


Сексолог қандай сұрақтар қояды?

Маманның алдына барғанда оның қоятын сұрақтарынан қысылуға болмайды. Ол үшін алдын ала дайын болған жөн. Мәселен, сексологтардың мына сұрақтарына дайын болып барса, көп мәселенің түбі анықтала түседі.

Сексологтың мынадай сұрақтарына анық әрі нақты жауап берген дұрыс:

  • Пациентті не мазалайды?
  • Мәселе қашаннан бері мазалап жүр?
  • Пациенттің жыныстық серігі (жұбы) тұрақты ма?
  • Пациент өзін мазалаған мәселені серігіне айтты ма?
  • Отбасында қарым-қатынас қандай? (некелі жұптарда)
  • Бұрын сексолог маманның қабылдауында болған ба?
  • Пациент бұрын-соңды жыныстық аурулармен ауырған ба?
  • Қандай да бір дәрі-дәрмекті тұрақты немесе ұзақ уақыт бойы қабылдады ма?
  • Пациент психиатр немесе психологтың есебінде тұра ма?

Осы сұрақтардан басталатын пацент пен сексолог арасындағы ашық әңгіме көптеген мәселенің түйінін шешеді.


Сексолог қандай ем тағайындайды?

Толықтай тексеруден өткен соң сексолог-дәрігер мынадай ем түрлерін тағайындай алады:

Психотерапевтік ем: бұған тренингтер, психотерапия сеанстары, психоанализ бен басқа да психологиялық мәселелерді шешуге арналған шаралар жатады.

Дәрі-дәрмектер: сексолог жыныстық мүшелерде болатын жұқпалы-қабынбалы дерттерді анықтаған соң дәрі-дәрмектерді тағайындай алады. Сонымен қатар, көңіл-күйі ауытқымалы пациентке тыныштандыратын антидепрессанттарды тағайындауы мүмкін. Сол сияқты, гормоналды ауытқушылық байқалса да дәрі-дәрмектерді тағайындайды.

Хирургиялық ем: егер сексуалды ауытқушылық жыныс мүшесінің тума деформациясынан болса, сексолог пластикалық ота жасатуды ұсынуы мүмкін.

Қосымша емдер: жыныстық өмірді қалыпқа келтіру мақсатын маман қосымша фитотерапия (емдік өсімдіктермен емдеу), физиотерапия (физикалық түрлі қуаттармен емдеу), бальнеотерапия (емдік құрамды ванналар), массаж және т.б.


Сексологтардан кеңесі

Жыныстық мүшелердің ауруы немесе жыныстық қатынаста кедергілерге тап келмеу үшін:

  • Еңбек пен демалыс тәртібін сақтау;
  • Үнемі қозғалыста болу;
  • Жыныстық қатынасқа түсетін серікті (жұпты) мүмкін болғанша ауыстырмау;
  • Ұзақ уақыт жыныстық қатынасқа түспеуді болдырмау (әсіресе, еркектер);
  • Жұптар арасындағы кикілжіңді уақытында шешіп, көпке ұзатпау;
  • Жұбына өзіндегі мәселелерді айтудан ұялмауды сексологтар әрбір еркек пен әйелге ескертеді.

Аударған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

Жыныстық қатынас: кімде ҚАНША РЕТ болуы керек? (18+)

Неге кеңейіп кетеді? Қалай тарылтуға болады? (21+)