​Сүйіктіңізді баурап алғыңыз келе ме?

0
29 147

«Жігіт сүйсе алады, қыз сүйсе қалады» деген сөздің мағынасы тереңде жатыр. Расымен де, қазақ халқында арулар құлай ғашық болса да, өз сезімін ешқашан да ашық айтып білдірген емес. Олай жасау – біздің мәдениетімізге жат қылық. Сезімді алғашқы болып білдіруде жігіттердің жолы болғыш ақ. Алайда, сол сезімді білдірудің өзі кейде жігіттерімізге де оңайға соқпайды.


​Сүйіктіңізді баурап алғыңыз келе ме?

«Жігіт сүйсе алады, қыз сүйсе қалады» деген сөздің мағынасы тереңде жатыр. Расымен де, қазақ халқында арулар құлай ғашық болса да, өз сезімін ешқашан да ашық айтып білдірген емес. Олай жасау – біздің мәдениетімізге жат қылық. Сезімді алғашқы болып білдіруде жігіттердің жолы болғыш ақ. Алайда, сол сезімді білдірудің өзі кейде жігіттерімізге де оңайға соқпайды.

Сүйгеніңді сүйіктіңе уақытында сездіре алмасаң, сүйгеніңнің өзіңнен пысық, өзгеге кетері сөзсіз. Осыған орай өз сүйіктісін баурап алуға асықан жігіттерге төмендегі кеңестер қатарын ұсынып отырмыз.

***

Ең бірінші қарым-қатынасыңыз қандай деңгейде болса да, сүйгеніңізге жақын болуға талпыныңыз. Алғашында, ортақ таныстардың көмегімен оның телефон нөмірін алып, жиі қоңырау шалыңыз. Мұндайда ескере кететін бір нәрсе, сүйгеніңізді өзіңізден мезі етіп алудан сақ болыңыз. Қарым-қатынас басталған алғашқы уақыттарда сүйгеніңізге өзіңізді жақсы қырыңыздан танытуға талпыныңыз. Дос болып араласып жүрген сәтте де, қыз алдында өз ойыңызды нық жеткізе біліңіз. Бірақ «менің айтқаным болады» деген өз дегеніңізбен қатып қалмай ара-тұра бойжеткеннің де пікіріне құлақ түріп «...сен қалай ойлайсың?» деген сынды сауалға жауап алу қажеттігін ұмытпаңыз.

***

Ешқашан өтірік сөйлеуші болмаңыз. Өзіңізді жақсы қырыңыздан танытамын деп, көп мақтанып қолыңыздан келмейтін іске уәде беруден аулақ болыңыз. Мұндайда шынайылығыңызды сырт қалдырмай, айтқан сөзіңіз бен істеген ісіңіздің бір жерден шығуына мән бергеніңіз жөн. Жасыратыны жоқ, кейде жігіттер қыз назарын өзіне аудару үшін тым шектен шығып «Мен оны былай жасағанмын» немесе «Оны менен артық ешкім білмейді» деген сынды сөздермен өзін «батыр» көрсеткісі келеді. Бірақ уақыт өте келе өтірігіңіздің сыры ашылып, кезінде өзіңізге сенген сүйіктіңіздің сенімінен шығып қалуыңыз да мүмкін. Сол үшін жинаған абыройыңызды бір ғана өтірік сөздің салдарынан жоғалтып алмауды күні бұрын ойланыңыз.

***

Жігіт ешқашан екі сөйлемейді. Есіңізде болсын, қыздарға уәдесінде берік тұратын жігіттер ұнайды. Және бойында осындай қасиеті бар, бір сөзді жігіттерді бағалай біледі. Сүйіктіме сүйкімді боламын деп, көтере алмайтын қанжарды беліңізге байламаңыз. Егер қолыңыздан келмесе, бұл туралы қызыңызға ашып айтыңыз.

***

Қызбен кездесерде кездесу орнына мән беріңіз. Қазіргі таңда жігіттер кездесу үшін мейрамхана немесе кинотеатрларды таңдайды. Ал, сіз көптің бірі болмаңыз. Сүйіктіңізбен кездесетін орынды күні бұрын таңдап, әр кездесудің өзі ерекше есте қалатындай етіп ұйымдастырыңыз. Бірақ солай екен деп тым қымбат мейрамхана таңдап, сәнді көлік мінудің қажеті жоқ. Мысалыға бірге атпен серуендеуге, тауға шығуға, толқынды теңізді тамашалауға, бірге қайыққа мінуге болады. Ең бастысы ерекше есте қалатын орынды таңдап, сүйіктіңіздің есінен кетпейтін естеліктер қалыдыруға тырысыңыз.

***

Сонымен қатар, қыз алдында сөйлеу мәдениетінен бөлек киім киісіңізге де назар аударыңыз. Ең бастысы үстіңіздегі киім өзіңізге жарасымды болуы шарт. Сәнді екен деп олпы-солпы киімдерді талғамсыз таңдаудан сақ болыңыз. Өйткені, сұлулық үшін жаралған қыздар бұл тұрғыда нағыз сарапшы мамандар. Сүйіктіңіздің назарын киіміңізге емес, өзіңізге жүрек түкпіріндегі шынайы сезімдеріңізге аудара білу әрқашан да өз қолыңызда болатынын ұмытпаңыз.

***

Сүйіктіңізбен кездесерде кішкене ғана гүл шоқтарын немесе өзіне ұнайтын кез келген сыйлық ала баруды ұмытпаңыз. Тіпті, ол көбелегі бар шаш қыстырғыш болса да. Себебі, қыздар мұндай тосын сыйды ұнатады.

***

Әрбір кездесуде қыз назына сыналған жігіттің, сезім білдіретін сәті туды делік. Алайда, сүйгеніңіз сіздің сезіміңізге «жоқ» деп жауап беріп қарсылығын білдірді. Не істейсіз? Әрине, сізге қанша ауыр тисе де ашуға булығып, кетіп қалушы болмаңыз. Түсіністік танытып «Мүмкін ойланарсың...» , «Мен сені күтуге әрқашан дайынмын» деген жылы сөздер айтыңыз. Себебі, қыздардың көпшілгігі қанша жерден ұнатып тұрса да, көңілін білдірген жігітке оңайлықен келісімін бере қоймайды. Тіпті, қыз түбегейлі бас тартса да, табандылық танытыңыз. Тек қызды жиі мазалаудың қажеті жоқ, қамқорлығыңызды көрсетіп қажет кезінде жанынан табылып өзіңіздің жақсы қырларыңызды көрсете білгеніңіздің өзі сүйіктіңіздің сезімін баурап алуға оң септігін тигізері сөзсіз екеніне сенімдімін.