​Сүйіктіңізді еліте түсудің амалдары

0
4 539

Өмірлік серігін жан-жақты танып, қыр-сырын білетін әйелге ерін еліту қиынға соқпайды. Олар үшін бәрі де оп-оңай. Алайда көп әйелдер күнделікті күйбең тірліктен шаршап өзіне де, жолдасына да көңіл бөле бермейді. Ер адамдар мұны теріс түсінуі де мүмкін. Сол себепті де төсек-жайманы салғаннан кейін, теріс қарап жатып ұйқыға кетуді ғана ойламаңыз. Бір сәт күйеуіңізді еліктіріп, оның сезімін оятуды қолға алыңыз. Ең бастысы жатын бөлмеде өз әрекетіңізден қысылып, күйеуіңізден ұялмағаныңыз керек.


​Сүйіктіңізді еліте түсудің амалдары

Өмірлік серігін жан-жақты танып, қыр-сырын білетін әйелге ерін еліту қиынға соқпайды. Олар үшін бәрі де оп-оңай. Алайда көп әйелдер күнделікті күйбең тірліктен шаршап өзіне де, жолдасына да көңіл бөле бермейді. Ер адамдар мұны теріс түсінуі де мүмкін. Сол себепті де төсек-жайманы салғаннан кейін, теріс қарап жатып ұйқыға кетуді ғана ойламаңыз. Бір сәт күйеуіңізді еліктіріп, оның сезімін оятуды қолға алыңыз. Ең бастысы жатын бөлмеде өз әрекетіңізден қысылып, күйеуіңізден ұялмағаныңыз керек.


Киіммен де сезімі оятуға болады

Ыстық ваннадан соң, «апамның стиліне» салып кең етіп тігілген шыт көйлегіңізді киіп алмаңыз. Оның орнына жеңіл әрі қысқа халатты кигеніңіз дұрыс. Мұндай киіммен күйеуіңізге әлдеқайда тартымды болып көрінесіз. Сондай-ақ, денеңізді толықтай сүртпей теріңіздегі мөлдір су тамшылардың жылтырап көрініп тұрғаны дұрыс. Жатын бөлмеде халаттың барлық түймесін қадап, тұмшаланып алудың да қажеті жоқ.


Жүріс-тұрысыңыз да бей-жай қалдырмайды

Жатын бөлмеде жүріс-тұрысыңызға да мән бергеніңіз жөн. Сіздің сылана басқан әдемі жүрісіңіз де,күйеуіңізді ыстық құшаққа ынтықтырып, өзіңізге еліктіре түседі. Егер жатын бөлмеде «өткендегі...» сәтсіздіктер мен ренішті еске алып, қабағыңызды түйіпжүретін болсаңыз, күйеуіңіздің де сізге қарағысы келмей қалуы мүмкін. Күйеуіңізді еріксіз еліктіретін жүріс-тұрысты бүгіннен бастап үйреніп алыңыз. Мұндай да сізге сәнгерлердің подиумдағы жүрісі көмекке келеді. Иығыңызды тік ұстап, көкірегіңізді алға шығарып жүруді үйреніп алыңыз. Мұндай жүріспен күйеуіңізді еріксіз есінен тандыратын боласыз.


Ішкиімнің жөні бөлек

Ішкиім алуда ақшаңызды аямағаныңыз жөн. Дүкен аралағанда еркектердің нәзік әрі көзге бірден түсетін ішкиімдерді ұнататын естен шығармау керек.

Еркектер әйелінің тартымды ішкиім кигенін ойлап та, еліктірген сезімге беріле алады. Мұндай ішкиімдердің өзі күйеуіңіздегі ыстық жалынның жалындауы мен асықтырған құшақтың қызық бола түсуіне себепші болады.


Көзқараспен де еліктіре аласыз

Күйеуіңіздің сізді аймалағанын сезімін білдіріп, бірінші жақындай түскенін күтпеңіз. Бірінші қадамды өзіңіз жасаңыз. Мәселен, күйеуіңіздің жанынан өтіп бара жатып, жәй ғана қылмыңдап, санынан шымшып өтіңіз. Болмаса білдірмей ғана мойнына қолыңызды салып, көйлегін немесе футболкасын дұрыстаған кейіп танытыңыз. Бұдан бөлек, басқа да қулықтарды ойлап табуға болады. Күйеуіңіздің сезімін оятып, оны қалайтыныңызды білдірудің ешқандай ұяты жоқ. Әйелінің мұндай қылығы еркекті ерекше еліктіре түсетін болады.


Еріңіздің сезімін оятудың тәсілдері өте көп

Тағы бір қарапайым тәсіл күйеуіңіздің көзіне тура қарау. Көзіне тура қарасаңыз оның назарынсыз қалмайсыз. Күйеуіңізге неліктен бұлай қарап тұрғаныңыз қызық бола түседі. Сонда сіз қиялыңызға ерік беріп, әрі қарай не істеу керектігін ойластырып үлгеруіңіз керек.

Міне, сіздің күйеуіңізге деген «қарапайым» қылықтарыңызбен оны өзіңізге ынтықтыра түсіп, жатын бөлмедегі ерте бататын кешке еліктіре түсетін боласыз. Күйеуіңіз үшін сүйкімді де қалаулы әйелге айналудың ешқандай қиындығы жоқ.

Айгерім Сапарбекова