ТЕСТ: Мұндай әйелдер ЕРКЕКТІҢ АЙТҚАНЫН істейді

0
9 800

Әйелдің темпераментін аяғына қарап тануға болады


ТЕСТ: Мұндай әйелдер ЕРКЕКТІҢ АЙТҚАНЫН істейді

Кез келген адамның сыртқы сымбатына қарап азды-көпті мінездеме беруге болатынын психолог мамандар көп айтады. Бірақ сол дене мүсінінің ерекшелігі арқылы әйелдің темпераментін білуге бола ма?

Бұл тек еркектерге ғана емес, әйелдердің өздеріне де қызық болуы мүмкін. Ендеше, мұнда әйелдің аяғының орналасу пішініне назар аударайық.



Ол үшін екі аяқты бір-біріне тигізіп, түзу тұру қажет. Сонда аяқтың ортасында қалған ашық жерге қарап, төмендегі типтерге жатқызуға болады.


А типі

А типке жататын әйелдердің аяқ пішінінде балтыр мен санның ортасында аздаған саңылау қалады. Кеңірек ашық қалатын тұсы әдетте тобық тұсы ғана болады.

Мұндай аяқтың иелері еркек біткенді өзіне қарата алатын керемет жандар. Олар ұстамды, әйелге тән нәзік, мінезі жұмсақ, аздаған ұялшақтығы бар, еркекті өзінің тірегі санайтындар қатарынан. Сонымен қатар, ешқашан еркектің алдына түспейді, бастама көтермейді өздігінен. Өздерінің нәзік қалпын да жоғалтпайды. Онымен тағдыр қосқан жан өзін нағыз еркек сезінеді. Төсекте де солай боларына кәміл сенуге болады.

Бірақ мұндай әйелдер көңіл-күйі түссе, ұазқ уақыт айыға алмайды. Сонысымен де еркекті өзінен тез жерітіп алуы мүмкін. Әсіресе, төсек қатынасына келгенде...


В типі

Аяғын қосып тұрғанда оның ортасында ең тар саңылау тобық тұсында ғана болса, онда мұндай әйелдер өзіне еркек біткенді тартып тұратын магнит тәрізді. Бүтіндей алғанда сымбатты, дегенмен екі аяқты түйістіргенде ортасы ашық, тізелері түйіспей тұрады. Екі санның да арасы алшақ.

Батыл әрі кез келген экспериментке дайын мұндай әйел ерінің ішін пыстырмайды. Көңілсіздік деген олар үшін емес. Қашанда кез келгеннің қолынан келе бермейтін бір істі бастап жүргендері.

Жыныстық қатынаста да солай. Жаттанды әрекетін қайталай беретіндерден көңілі тез суиды. Төсектен де түрліше ләззат алғанды ұнататындар.


С типі

Екі аяқты қосып тұрғанда саны қосылып, бірақ тізелері тимейтіндер – төсек қатынасын тек бала туу немесе еркектің алдындағы міндеті ғана санайтын көңілсіздеу жандар боп келеді екен. Жыныстық қатынастан ләззат алуға болатынына сенбейтін әйелдердің әдетте аяғының пішіні осылай болатын көрінеді.

Олардың көзқарасы бойынша, тек еркектерде ғана төсек қатынасына деген зәрулік болады, ал әйелдердің міндеті соған «жауап беру» ғана.

Егер, мұндай әйелдердің «нүктесін тапса», ыстық құшақтың нағыз «алауын» сездіреді.


D типі

Тізе мен тобық тұсы ғана түйісіп, басқа жердің бәрі алшақ тұрса, мұндай әйелдерді әдетте еркектер көңілсіздердің қатарына жатқызады екен.

Олар төсекте де еркін бола бермейді, бірақ серігінің барлық бастамасын қолдап, бірге үндесуге дайын. Еркектерге де көбіне осындай әйелдер ұнайды.


СОҢЫНДА...

Әрине, тек сырт келбетіне қарап кесіп-піше салуға болмайды. Бұл тек болжам ғана. «Адамды тану үшін бір пұт тұз жеу керек» деген бар. Яғни, біреудің болмысын танып, ішінен түсіну үшін ұзақ уақыт бірге тұрып, біре жүру қажет. Ал мұндай болжамдар адамның өзін өзі танып-біліп, кемшін тұстарын дамыту үшін ғана керек деп түсінген жөн болар?!

Аударған: Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ