ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫ: ​Әйелде «айып» жоқ, көбіне ЕРКЕК КІНӘЛІ

0
16 234


ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫ: ​Әйелде «айып» жоқ, көбіне ЕРКЕК КІНӘЛІ

ОРГАЗМ алмаудың себебінен ерлі-зайыптылардың арасында түрлі түсініспеушіліктердің туындап тұратынын отбасы адамдардың көпшілігі жасыратыны да рас. Әрине, жатын бөлме сырын екеуден өзге ешкім білмеуі тиіс. Алайда, төсек қатынасынан жеткілікті дәрежеде ләззат ала алмаған әйелдің (еркектің) ұнжырғасы түсіп, қолға алған істері де өнбей жататындығының бір ұшы осында екендігін айтпай-ақ сезуге болады.

Әрине, жыныстық қатынастың сәтті болуы жұптардың екеуіне де қатысты. Дегенмен, әйелдің жолы жіңішке, сондықтан ол күйеуінен алғашқы қадамды күтеді.

«Әйелімнің төсектегі қимылы көңілімнен шықпай жүр», «тым ұялшақ, артық іс-әрекеттерге жол бермейді, ал мен түрлі-түрлі қалыптарды да тәжірибемде көргім келеді» дейтін ер-азаматтардың әңгімесі ара-тұра естіліп қалып жатады.

Тек өзінің ұстанымын дұрыс санап, «күнделікті бір тағамды жей берсең де жалығасың ғой» деп анайы болса да өздерін ақтап алуға тырысатын еркектерге «әйеліңіздің «түк те кінәсі жоқ», барлығы өз қолыңызда» дегіміз келеді.

Өйткені, әйелдердің көзімен қарайтын болсақ, ер адамның әйеліне жеткілікті ләззат сыйлай алмайтынын байқауға болады. Ренжімеңіздер, барлығы бірдей демеймін, сексопотолог- психолог мамандардың тұжырымы бойынша, қазақ отбасыларының ішінде мұндай жағдай жиі көрініс табады екен.

Еркектердің төсек қатынасы барысында жиі жіберетін қателіктеріне тоқтала кетсек.

Оларға мына нұсқалардың бірі себепкер бола алады.


1. Әйелді аймаламай, бірден іске көшу

Әрине, үйде қонақтар болып, қалт еткенде бір-біріңізді көзбен аймалап, шыдамсызданып отырып, қонақтар кеткен соң еш аймалаусыз, бірден «іске кірісетін» кездер болады. Алайда, әйелдер үшін жыныстық қатынасты бастамас бұрын аймалаудың да өте маңызды екенін еркектер естен шығарып алады. Әйелдердің түсінігінше, бұл - ерінің өзін сүйетіндігінің, сыйлайтындығының белгісі. Егер жыныстық қатынастың уақытын созғыңыз келсе, осы аймалау сәтін ұзарту керек: 15-20 минут аймаласу, 15-20 минут жыныстық қатынастың өзі, 30-40 минуттық «майдан» дайын.



2. Жыныстық қатынастан соң, жуынбай бірден ұйқыға кету

Бойдақ күнінен сирек жуынуды әдет қылған еркек үйленгеннен кейін де жуынуды мүлде сиретуі мүмкін. «Әйел менікі, енді ешқайда кетпейді ғой. Ерініп тұрмын, жуынбаса ештеңе етпейтін шығар, таңертең жуынамын ғой» деген сылтаулар көбейе береді. Сіз өзіңізді ғана ойламаңыз, егер әйеліңіз сіздің үстіңізден шығатын тердің тағы да басқа жағымсыз иістерден жиіркеніп қалса, қатынасқа түсуге ынтасы қалмайды.


3. Жатын бөлме ойыны бітер-бітпестен орнынан атып тұру

Жыныстық қатынас аяқтала сала, еркектің жуынуға немесе темекі шегуге, басқа жаққа кетіп қалғаны әйелдерге мүлде ұнамайды. Мұндайда әйел өзін шаруасын бітірген күйеуіне қажетсіз, пайдаланылған сияқты сезінеді. Сондықтан, бәрі аяқталған соң төсектен тұруға асықпаңыз.15-20 минуттай әйеліңізді сүйіп, құшақтап жата тұрсаңыз, әйел өзін әлемдегі ең бақытты жан санайды.


4. ЭГОИСТІК

Еркектер өзі ләззат алса, қанағаттанса, әйелге де ұнады деп ойлайды. Жыныстық қатынаста эгоизм деген мүлде болмау керек. Әйелдің де ыңғайына қарап, көңіл-күйін бақылау керек. Мүмкін, әйелде ол сезім (оргазмға жету) енді басталып келе жатқан шығар. Өз шаруаңызды тездетіп бітіріп, тоқтата салу да әйелдің жүрегін жаралайды.


Суреттер: ашық дереккөзден


5. Әйелдің омырауына жөнсіз жабыса беру

Омырауын умаждай беру де әйелге ұнай қоймайды. Еркектер әйелдердің ең эрогенді аймағы - төсі деп ойлайды. Олай емес, төсіне қол жүгірткен сайын әйелдің «жыны қоза бастайды». Эрогенді аймақтың орны осы екен деп жөнді-жөнсіз омырау мен "негізгі нүктеге" қол жүгірту әйелді қоздырмайды, керісінше, жиырылып қалуына жол ашып береді.

Күйеунің осындай қылықтарынан тітіркеніп, шошынып қалған әйелдің жатын бөлмеге кіру қорқынышы ұлғая түспек.


6. Төсектегі «майдан» жүріп жатқанда сөйлей беру

Әйелдерге жыныстық қатынас кезінде әңгіме айту емес, ләззат алған ұнайды. Оларға «Ұнады ма?» деген сұраққа өте жиі және мәжбүрмен жауап бергенді жек көреді. Ері арасында қандай позаның, ненің ұнайтынын құлағына сыбырлап қана сұрап отырса, болғаны.

Күнделікті өмірде әйелдер көп сөйлейді дейміз, бірақ, оңашада, екі дене бірігіп қимылдап жатқанда, ауыздың «қимылдамағанын» қалайды.

Жұбайыңызға керемет әсер сыйлағыңыз келсе, оның сізді тағатсыздана күтіп, ыстық құшақтарыңызды мәңгілікке айырғыңыз келмесе, ер-азаматтар, құлақтарыңызға алтын сырға, осы қателіктерге жол бермеуге тырысқан жөн.

А. Сарсенбаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз: Төсек ЛӘЗЗАТын сезінудің 5 ТӘСІЛІ

Жыныстық қатынастан соң НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?