ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫ: Жыныстық қатынас ешқашан да КИНОДАҒЫДАЙ болмайды

0
12 386

«G» нүктесі? Оның барлық әйелде болатынына сенімдісіз бе? Жыныстық қатынас туралы 6 ӨТІРІК...


ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫ: Жыныстық қатынас ешқашан да КИНОДАҒЫДАЙ болмайды

«Жан беріп, жан алысқан», «естен тандырған» төсек ләззатын көз алдына елестетудің барлығы романтикалық кинолар мен эротикалық фильмдердің әсерінен болады. Ал шын өмір солай ма?

Әрине, олай емес. Флорида Университетінің 25 жылдан астам уақыт адам психолоиясын зерттеумен айналысқан маманы, сексолог Лори Минц өзінің кітабында төсек қатынасы туралы көпті адастыратын ең кең тараған 6 өтірік туралы жазыпты.


1-ші өтірік: Ойламаған жерден болатын жыныстық қатынас


Әйел ОМЫРАУЫМЕН «ОЙНАУДЫҢ» да өз ҚҰПИЯСЫ бар

Киноның барлығында солай: еркек пен әйел аяқастынан бір-біріне құмарлықпен қарап, құшақтаса кетеді де, «майдан» басталып кетеді. Бәрі ойламаған жерден басталып, ләззат алудың биік шыңымен аяқталады.

Міне, сондай фильмдердің шырмауынан шыға алмағандар да өзінің серіктесінен, өзінің жыныстық қатынасынан да соны күтеді, солай болғанын қалайды.

Ал сексолог мамандар ондай күтпеген жерден басталып кететін жыныстық қатынастың мүлде болмайтынын айтады.

МЫСАЛЫ: әйел бар шырайын ашатын көйлек, еркектің есін шығаратын әдемі ішкиімдерін киіп, кез кезген жігітті елітетін иіссуды септі де, кешке барды. Онда оны әлбетте, ыстыққанды, отқұшақты азамат күтіп тұр. Кеш соңы екеуінің бір төсекте бас қосуымен аяқталды.

Бұл ойламаған жерден емес, алдын ала дайындықпен орын алған жыныстық қатынас емес пе?!


2-ші өтірік: «Үлкен болса...»


Ертең төлейтін НЕСИЕНІ ойлап жататын әйел ОРГАЗМДЫ сезінбейді (18+)

Мамандар 3 мыңнан астам әйелге сауалнама жүргізгенде, олардың ешбірі еркектің жыныс мүшесінің өлшемі туралы айтпаған. Бәрінің дерлік айтатыны – серіктесімен арадағы жыныстық қатынасты қанағаттандыру болған. Яғни, нәтижесі маңызды болған.


3-ші өтірік: Оргазм еркек пен әйелде бірдей болуы керек!

Бұл да эротикалық фильмдерден келген өтірікке сенудің әсері. Онда жыныстық қатынас қашанда кереметпен, әйел мен еркектің бірдей ләззат алуымен аяқталады қашанда.

Өмірде олай емес. Әйелдердің басым көпшілігінде оргазмды сезіну қиын. Ал төсек ләззатының ұшар шыңын бірге сезіну үшін әркім серігінің оргазмға жетуін де қадағалап, өзін ұмытады. Әркімнің ағзасы әртүрлі, ләззатты біреу ерте, біреу кеш сезінеді.

«Бірдей...» деген деген түсініктен арылып, әркім ләззаттан өз үлесін алғаны әлдеқайда маңызды.


4-ші өтірік: «Ұзағырақ... Ұзағырақ...»


Еркектің жыныстық мүшесінің өлшемі төсек ләззатын сезінуде де, сезіндіруде де ешқандай маңызджы рөл ойнамайтыны белгілі болды. Сол сияқты жыныстық қатынас уақытын ұзарту үшін еркектің өзін-өзі ұстауы да түкке қажеті жоқ әрекет.

Мамандар орта есеппен еркектердің 2,5 минутқа ғана өзін ұстай алатынын зерттеп, анықтаған. Ал еркектер жыныстық қатынасты 30 минутқа дейін созу керек деп сенеді де, өздерінен қажет емес әрекетті талап етеді.

«Керемет төсек қатынасы – міндетті түрде ұзақ болуы тиіс емес».

Жыныстық қатынас туралы фильмдер көруден бас тарту керек мұндай жандар. Одан гөрі әйелден сұраған дұрыс. Себебі, көптеген әйелдер жыныстық қатынастың ұзақ болмағанын қалайды. Себебі, тым ұзаққа созылғаны олардың мазасын қашырып, ауырсынып кетеді.

Уақыт созғанша, әйелдің сезім нүктесімен ойнап, өзіңіз де, серігіңіз де ләззаттың шырынын татқаны пайдалырақ.


5-ші өтірік: «Ойыншықпен» жалғызбасты әйелдер ойнайды

Төсек қатынасына арналған «ойыншықтарды» көпшілік жалғызбасты әйелдерге ғана арналған деп ойлайды. Ал еркектер тіпті, мұны өзінің намысына тиетін әрекет деп бағалайды. Әрине, еркектерге арналғаны да бар...

Бірақ, мұндай «ойыншықтар» ешқашан да адамның ыстық құшағын, сүйіс пен жақындасуды алмастырмайтынын естен шығармаған дұрыс. Жыныстық қатынастың ләззаты тек жыныстық мүшелерден ғана тұрмайды. Төсекте әдемі әңгіме, қызықты әзілдер айтылады. Жүректі елжіретер тәтті сөздер мен алақанға алақан түйістірер сәттер жыныстық қатынастан да керемет оргазм сыйлауы мүмкін.


6-шы өтірік: «G» нүктесін табу керек

«G» нүктесі – кімнің қай жерінде екені анығында белгісіз. Егер оны таба алса ғана әйелді естен тандыратын оргазмға жеткізуге болады. Бірақ бұл оңай емес...

«G» қайда екенін іздегенше, одан да әйелге не ұнайтынын сұраған оңайырақ.

Ғылыми факт: барлық әйелде бұл нүкте бар екеніне кепілдік жоқ.

Айтпақшы, «G» нүктесінің нені білдіретінінен хабарыңыз бар ма? Ол «Грэфенберг нүктесінің» қысқартылған түрі. Эрнст Грэфенберг қынаптың осынау бөлігін сипаттап жазған алғашқы заманауи дәрігер болған.Әріптестері оның құрметіне нүктені солай атауды ұйғарыпты.

Дереккөз: blog.mann-ivanov-ferber.ru

Иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ