​Төсекте ӘЙЕЛДІ КӨНДІРЕ АЛМАЙ жүрсіз бе? Амалы бар...

0
9 401

Жыныстық қатынаста әйелдер көбірек «еркелейді»...


​Төсекте ӘЙЕЛДІ КӨНДІРЕ АЛМАЙ жүрсіз бе? Амалы бар...

Жұбайлар арасындағы жыныстық қатынас үшін болатын «қақтығыстың» әсері басқасына қарағанда тым «ауыр» болады. Тіпті, өзге проблемалардың бастауы сол төсектен басталады десе де қате болмас.


Сондықтан, ең бірінші «төсектегі проблеманы» шешіп алу қажет. Әсіресе, еркектер үшін бүгінгі кеңесіміз маңызды болмақ.


Жыныстық қатынаста әйелдер көбірек «еркелейтін» болғандықтан (олай болғаны дұрыс та!) мәселе де көбіне сол жақтан туындап жатады. Тән жақындығына келісім бермей, еркектің меселін қайтарып, тіпті баласының қасына барып жатып алатын әйелдерді де «көндіріп алуға болады».

Ол үшін төмендегі 5 КЕҢЕС төсекке жатқанда естен шықпаса болды.


1. ҰРЫСПАҢЫЗ!

Мейлі, арадағы болған жайға кінәлі болсаңыз да, болмасаңыз да, ұрысудың жөні жоқ. Кешіріңіз де, кешірім сұрай салыңыз. Әйел деген өзі сондай, жылы сөйлесе тез ериді.

Сосын ұрыс-керіс болған күні арқасынан құшақтап жатыңыз. Мейлі, қолыңызды қағып тастаса да тас қып құшақтап алыңыз да, бар тәніңізбен жылу сыйлаңыз, аймалаңыз. Бірақ ТІС ЖАРЫП СӨЙЛЕУШІ БОЛМАҢЫЗ.

Бірдеңе дедіңіз екен, бәрін қайтадан бүлдіресіз. Сосын дау-жанжал қайта басталады.


2. КӨМЕК КЕРЕК!

Әсіресе, психологиялық көмек. Араларыңызда интим жақындық ұзақ уақыт болмаса, онда екеуіңізге де маманның көмегі керек.

Мұндайда көбіне бұрынғы реніш, түсінбеушіліктен туған түйіндер ерлі-зайыптының арасына тұрып алады. Соны еріту үшін психолог маманның көмегі қажет-ақ. Ал тек әйел ғана жүйкесі жұқарып, оның не себепті жақындасқысы келмейтінін түсінбей жүрсеңіз, ол мәселені де психологқа айтып көріңіз. Мүмкін болса, әйеліңізді апарудың сәті түссе, тіптен жақсы.


3. ДЕНСАУЛЫҒЫН СҰРАҢЫЗ!

Көбіне ер-азаматтар әйелдің денсаулығына мән бере бермейді. Оның төсектен не үшін бас тартып жатқанын басқа себеп деп түсініп, тіпті, өзге жақтан тән тоятын іздеп кететіндер де бар екенін мойындау керек. Ал мұндай жағдай әйелге екі есе соққы. Емделгісі де келмеуі мүмкін, мәселе болса...

Сондықтан, әйелдің қабағына қарап, оның денсаулығын сұрауға, оны дер кезінде дәрігерге апарып, емдетуге уақыт табыңыз. Ықылас білдіріңіз.


4. СӨЙЛЕСІҢІЗ!

Соңғы рет әйеліңізбен жеке қалып қашан сөйлестіңіз?

Бұл әсіресе, 30-40 жас аралығындағы жұптарға көбірек қатысты. Өйткені, осы уақыт аралығында көп жұбайлардың арасы суып, бір-біріне айтатын әңгімесі таусылып, соңы ажырасуға ұласып жататын көрінеді. Ал негізгі себебі, төсектен басталады екен.

Ендеше, әйеліңізбен сөйлесіңіз, керек болса оны қызықтыратын тақырып табыңыз. Ашылыңыз және оны да «ашыңыз». Көресіз, өзіңізге де ұнап қалады. Бұдан кейін әйеліңіз де икеміңізге тез көнеді.


5. РОМАНТИКАНЫ ҰМЫТЫП ҚАЛМАДЫҢЫЗ БА?

Әйелдер өмір бойы романтиканы сүйетіндер, ол өзгермейді. Жаратылысы солай.

Сондықтан, әйелге романтика сыйлап тұрғаннан еркектер ұтпаса, ұтылмайды. Жаңбырдың астында қолшатырмен немесе көлікпен қыдырыңыз. Кез келген атаулы күні оған сый жасаңыз. Ең кереметі – әр балаңыздың туған күнінде оған сый жасауды ұмытпаңыз. Себебі, өмірге келген балаңыз болғанымен, оның бар қиындығын көтерген сол жұбайыңыз.

Бұдан басқасын да ойлап табамын десеңіз, еркіңізде.


Қысқасы, әйелге назар аудармасаңыз, одан бірдеңе дәметіп әуре болмаңыз. Әйел тиын салса істей беретін автомат емес, адам. Сондықтан оған адамша көзқараста болғаныңыз құба-құп. Сонда төсегіңіз жылы, құшағыңыз ыстық, тәніңіз тоят тауып, көңіліңіз марқайып тұрасыз таңертең...

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


21+: Әйелге ешқашан "БІТІРДІҢ БЕ?" деген сұрақты қоймаңыз


Төсекте «ТЕЗ КЕТІП» қалмауы үшін - еркектерге ЕРЕКШЕ кеңес