​Төсектегі «шаруа» үшін ЖІБЕК ЖАЙМА төсеуге БОЛМАЙДЫ

0
7 783

Себебі не?


​Төсектегі «шаруа» үшін ЖІБЕК ЖАЙМА төсеуге БОЛМАЙДЫ

Жатын бөлмені жабдықтағанда біздің жіберетін қателігіміз сол – ең бірінші кезекте оның көрінісінің әдемі болуына мән береміз. Оның ішіндегі бұйым мен жиһазы жатын бөлменің негізгі қызметіне ыңғайлы ма, қолайсыздық тудырмай ма? Осы сияқты сауалдар туындамау үшін тек жатын ғана емес, кез келген бөлменің көрінісінен бұрын ыңғайлы болуы бірінші орында тұруы керек.


Ал бүгінгі тақырыбымызда бізге керегі – кереует. Яғни, ұйқының тыныш та жайлы болуына, екі тәннің табысар, бір-бірінен ләззат алар сәтінде өз қызметін «үнсіз» ғана жасайтын жиһаз.


Енді өзіңізге сұрақ қойыңызшы? Ұйықтағанда жайлы болуынан басқа, жыныстық қатынасқа түскенде (әрине, некелі жан болсаңыз?) кереуетіңізге «шағымыңыз» жоқ па? Жоқ болса, тамаша! Ал төсек ләззатында керуетіңізге «өкпелеп», «шаруаның» барлығын кілемнің үстінде «жасап» жүрген болсаңыз, демек жиһаз таңдауда қателескенсіз.


ҚАНДАЙ КЕРЕУЕТ ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫН АЛУДА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕДІ?


1.Бұрышқа тақап қойылған кереует


Иә, тар бөлменің ішіндегі бос орынды көбейту үшін әдетте кереуетті бұрышқа тақап қойып жататын кездер болады.

Бірақ мұндай кереует үстіндегі жұптардың байқамай денесінің бір жерін ұрып-соғып алуы мүмкін. Екі бірдей жағы қабырғамен тұйықталатын жатын жай әсіресе, төсекте белсенді қимылдайтындар үшін ыңғайсыздау әрі тарлық етеді.


2.Темір кереует


Кереуеттік бас жағы темірден өрнектеліп жасалса, әрине, сәнді көрінеді-ақ. Мұндай кереуеттердің мықты болатынын да белгілі. Бірақ бәрібір төсек үстіндегі екеудің бірі «шаруаның» соңына дейін әйтеуір бір басын ұрары анық. Ал одан кейін ондай төсекте тән жақындастығына қалауыңыз да болмай қалуы қалыпты жағдай.

Ал кереует тұтастай темірден жасалған болса, түрлі қимылдың әсерінен түрлі дыбыс та шығаруы мүмкін. Үйде тек екеуіңіз ғана болса ештеңе емес-ау, ал көрші бөлмеде бала, аьа-анаңыз жатса, мұндай кереуеттің үстінде тән ләззатымен тояттануға батылыңыз аса бара бермейді.


3.Дұрыс таңдалмаған матрас


Кереует қана емес, дұрыс таңдалмаған матрас та төсек ләззатының рахатын сезінуге кедергі жасайды.

Егер матрас тым жұмсақ болса, ләззат алмақ түгілі өзіңізге ұнайтын «әрекетті» жасауыңызға да икеміңіз келмей қалуы мүмкін. Ал оған да қарамай әрекеттене берсеңіз, аз уақытта бел мен сегізкөзде ауыруды сезіне бастайсыз.


4.Жібек жайма төселген төсек


Жібек жайма әдетте денеге жағымды, жәй ғана демалу үшін өте жақсы. Ал төсек қатынасы кезінде сырғанап, бір орында тұрмай мазалайды. Сырғанақ үстінде белсенді қимылдай алмайтыныңыз белгілі. Сондықтан, тән қалауын орындау үшін табиғи мақта матадан тігілген жайма сыр бермейді.


5.Дөңгелек кереует


Мұндай кереует әдемі-ақ. Бірақ оған бойы үйренбегендердің көбісі сәл қимылдаса төсектен құлап кетердей сезім де болады. Әсіресе, еркектердің басым көпшілігі мұндай дөңгелек кереуеттерді қабылдай алмайды екен.

Сонымен қатар, дөңгелек кереует жалғыз жатқанға көбірек ыңғайлы. Ал төсектегі жақындық үшін ыңғайлы бола бермейді.


Ал мамандардың айтуынша, жыныстық қатынас ыңғайлы болуы үшін кілем үстіндегі төсектен артығы жоқ. Кереует немесе басқа да жиһазды түрлі әрекет үшін қосымша қолдануға болады деседі.

Түрлі дереккөзден жинақтаған: Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


Жыныстық қатынасқа жиі түсетін еркек ҰЗАҚ ӨМІР СҮРЕДІ


18+: Әйел еркектің «ҚАЛАҒАНЫН БЕРМЕЙ» жүрсе, 5 СЕБЕБІ бар