Төсектегі "шаруаға" үлкен-кішісі бәрібір... Маңыздысы - басқада!

0
64 518

Ғаламторға кірсеңіз, ондай жарнамадан көз сүрінеді. Суретіне қарап-ақ не екенін бірден түсінесіз.


Төсектегі

Сондайда «апыр-ай, оның өлшемі де маңызды рөл ойнайды екен де...» деп қалуыңыз ғажап емес. Жарнаманың көбейіп кеткендігінің өзі оған деген сұраныстың бар (көп) екендігін білдіреді. Дегенмен, сол қажет пе? Жаратылыстан берілген дене мүшесінің өлшемімен алысып керегі бар ма? Сонда қалай, еркектердің басым көпшілігі өзінікінің өлшеміне разы болмағаны ма? Әлде бұл психологиялық тұрғыдан туындаған мәселе ме?

Иә, сіз дұрыс ойлап отырсыз. Бүгінгі әңгіме жыныс мүшесінің өлшемі жайында болмақ.


Қалыптысы қандай?

Біреулер кіші, енді бірі үлкен санайтын мүшенің қалыпты өлшемі қандай болуы тиіс?

«Қалыпты»деп жыныс мүшесінің орташа өлшемінің орташа көрсеткішін айтады.

Планетадаға барлық еркектердің 90%-ында бұл өлшем орташа есеппен алғанда 8 см-ден 13 см-ге дейінгі аралықта. Ал эрекция әсерінен қобынған мүшенің орташа ұзындығы 16 см-ге тура келеді екен. Осыған орай:

  • кішкентай деп эрекция әсеріндегі мүшенің 13 см-ден кіші болғаны;
  • қалыпты деп эрекция әсеріндегі 14-тен 18 см-ге дейінгісі;
  • үлкен деп эрекция әсеріндегі 18 см және одан жоғарылары есептеледі.

Мұндағы тағы бір мәселе – медицинада «микро» деген өлшемге саятын мүше өлшемі де бар. Ол эрекция әсеріндегі жағдайда 10 см немесе одан да кіші болатындары. Мұндайда ер адамға жыныстық қатынасқа түсу қиындығы туындайды.

Сондай-ақ, тым үлкен мүшенің де иесіне келтірер қиындықтары көп. Соның бірі – жұбының дене мүшесіне зиян келтіру, яғни жарадар ету.


Кішкентай болса несі бар?

Өлшемі кіші деп саналатын (жоғарыда айтылған) мүшенің жыныстық қатынас сапасына төмендегідей себептермен әсер етеді:

  • тым кішкентай болса, анатомиялық тұрғыда қынапқа терең ену мүмкіндігі аз болып, вагиналды оргазм алатын серіктесі ләззат ала алмауы мүмкін;
  • өлшемі кіші болса, оған төсектегі барлық поза дұрыс келе бермейді (айтпақшы, бұл тым үлкен өлшемге де қатысты), сондықтан жұптардың жыныстық қатынасы бірсыдырғы қалыпта болуы мүмкін.

Бұл – расында кіші деп саналатын өлшемдерге байланысты.


Еркектің қолына немесе мұрнына, құлағына қарап тануға бола ма?

Ер адамдардың жыныс мүшесіне қатысты көптеген «ертегілер» бар. Әйелдер арасында болатын әңгімеде еркекті құлағы мен мұрнына немесе қолына қарап тануға болады дегенді байқауға болады. Олардың (әлбетте, кейбірінің) пікірінше, үлкен мүшелілер төсекте керемет серіктес бола алатын көрінеді.

Доктор Ричард Эдвардс ауқымы кең зерттеу жүргізіп, расында жыныс мүшесінің үлкен немесе кіші екендігіне адамның сырт бейнесінің қатысы қаншалықты екендігін анықтаған. Сауалнамаға өте еркектер қатысып, нәтижесі мынадай болған:

  • эрекция әсеріндегі мүшенің өлшемі мен мұрынның өлшемі арасында ешқандай тәуелділік жоқ екендігі;
  • эрекция әсеріндегі мүше мен қолдың өлшемі арасында ешқандай байланыстық жоқ екендігі;
  • сол сияқты, эрекция әсеріндегі мүше мен еркектің құлағының арасында да ешқандай байланыстық жоқ екендігі анықталған.


Қандай байланыс бар?

Канадалық доктордың салауанама нәтижесі жыныс мүше мен адамның сырт келбеті арасында мынадай байланыстарды бар екендігін көрсеткен:

  • мүше өлшемі мен еркектің бой өлшемі арасында әлсіз байланыстың бар екендігі анықталған (дененің жалпы пропорцияларын қоса алғанда);
  • өз мүшесін үлкен деп санайтын еркектің жұбын жиі ауыстыруға бейімділігі байқалған;
  • жыныс мүшесін кішкентай деп санайтындардың жұбын ауыстырмауға тырысатындықтары белгілі болған;
  • сауалнамаға қатысқан еркектердің 72%-ы өз дене мүшесіне көңілі толатындықтары анықталған.


Өлшемі үлкен болса, жыныстық қатынас сапалы болады деген сөз демес...

Жалпы, мамандардың пікірінше, жыныс мүшесінің өлшемі жыныстық қатынастың сапасына әсер етпейді (тым кіші немесе аса үлкенінен басқасы).Мұнда барлығы да әйелдің дене мүшесіндегі құрылымға байланысты.


Сырт келбетіне қарап тануға болады...

Жоғары айтып өткендей, еркектердің жыныс мүшесінің өлшемі мұрнына, құлағы немесе саусағына ешқандай қатысы жоқ. Бірақ бұл еркектерді сыртынан қарап тануға болмайды деген сөз емес. Оның үлкендігі немесе ұзындығы сияқты өлшеміне пубертатты кезеңдегі (жасөспірімнің есеюі, ұрпақ жалғауға дайын болудың алдындағы өзгеріс уақыты) бөлінетін гормондардың мөлшеріне байланысты. Тап сол гормондар дененің құрылымы мен қалыптасуына, сексуалды темпераменттің қай түріне жататындығына әсер етеді.

Зерттеу нәтижелері анықтағандай, еркектердің темпераменті жоғары және өлшемге келгенде де ұтатындары әдетте мынадай сырт белгілерінен білінетін көрінеді:

  • шымыр әрі тапалдау бойлы;
  • бойының орташалығы (төменге жақын);
  • жалпақ кеуделі, басы үлкен әрі жамбас сүйегі тар;
  • денеге түк шығуға бейімділік (дененің басым бөлігінде);
  • мінезінің ерекшеліктері – қайтпас қайсарлық, агрессияға бейімділік, қызбалық, кеудемсоқтық.


Әйелдердің көзқарасы қандай?

Бұл жайында да зерттеушілер әйелдер арасында сауалнама арқылы анықтап көрген. Бірнеше рет қайталау нәтижесінде әйелдердің тек 12%-ы ғана үлкен мүшенің жыныстық қатынасты сапалы ететіндігіне тоқталған. Ал басқаларына өлшем емес, жыныстық қатынастың басқа да техникалары (сүю, аймалау, құшақтау және т.б.) ләззат сыйлайтынын алға тартқан.

Сонымен қатар, әйелдердің көпшілігіне еркектердің дене бітімі емес, өздерін нағыз еркек ретінде ұстай білуі көңілге жылылық сыйлайтындарын атап көрсеткен.

Осы орайда тағы бір ой қылаң береді: егер еркектің өзіне көңілі толатын болса, ол аяғын алшақ басып, кеудесін көтеріңкі ұстайды. Ондай жігіттер, әлбетте, әйелдерге тартымды.


Демек, бұл жерде әңгіме өлшем де емес, еркектің өзін қалай ұстай білуінде болып тұрған жоқ па?!

Дайындаған: Ж.Байтұрым

Мақалаға әртүрлі дереккөздерден мәліметтер алынды