​Тұрақты түрде төсек қатынасына түсудің 9 пайдасы

0
14 219

Түнгі жақындасудан кейін қанша калория жоғалтатыныңызды білгіңіз келе ме?


​Тұрақты түрде төсек қатынасына түсудің 9 пайдасы

Еркек те, әйел де күні бойы жұмыстан бас алмай, үйге келген соң үй шаруасымен айналысса төсек қатынасына қайдан уақыт тапсын?! Иә, бұл сізге таныс жағдай ма? Себебі секспен айналысу үшін де жақсы көңіл-күй, сергектік керек.

Дегенмен тұрақты түрде төсек қатынасына түсетін болсаңыз, стрестен, ұйқысыздықтан, басқа да жайсыз мәселелерден құтыласыз. Мысалы:


Ауруды басатын дәрі бола алады

Арқа мен бас ауруларын дәрі ішпей-ақ емдеуге болады. Мұндай кезде массаж жасауға, аромотерапия қолдануға, тіпті, жыныстық қатынаспен айналысуға мүмкіндігіңіз бар. Әсіресе соңғысы ауруды басып, тіпті, көңіл-күйіңізді көтеретін ең керемет дәрі дей аламыз.


Стресті болдырмайды

Бүгінгі күніңіз қарбаласқа толы, ауыр күн болса, жыныстық қатынасқа түсу арқылы бойыңызды босаңсытып, стрестік жағдайыңызды қалыпқа келтіре аласыз. Өйткені секс кезінде ағзамыз дофамин, эндорфин, окситоцин сынды бақыт гормондарын бөледі. Осылашйа сіз де шаршағаныңызды ұмытып, бақытқа кенелетін боласыз.

Қан қысымын төмендетеді

Төсек қатынасының бұл пайдасы әсіресе қан қысымы жоғары әрі сәл ғана көңілсіздіктен қан қысымы көтеріліп кететіндерге қызықты болуы мүмкін. Мейлі, секс сіз ойлағандай күйде өтпесе де, оның пайдасы зор екен. Зерттеулерге сүйенер болсақ, жыныстық қатынастың қан қысымын төмендетуге, жалпы денсаулықты жақсартуға айтарлықтай септігі тиген.


Калорияны жояды

Түнгі жақындасудан кейін қанша калория жоғалтатыныңызды білгіңіз келе ме? Төсек қатынасы кезінде ер мен әйел тоқтаусыз қимыл-қозғалыс жасайды. Зерттеушілердің пікірінше 25-30 минутқа жалғасқан «түнгі фитнестен» кейін адам 200 ккал жоғалтатын көрінеді. Егер түнгі «төбелесті» одан ұзағырақ созатын болсаңыз, 300-400 ккал-дан арылатыныңызды ұмытпаңыз.


Етеккір бұзылысын реттейді

Егер етеккір жүйелі түрде келмей, сізді ойландырып жүрген болса, бәрі де стрестің әсерінен болуы мүмкін. Ал, стресті түнгі жақындасу жазатынын жоғарыда айтып өттік. Олай болса, етеккір бұзылысы кезінде жиі-жиі жыныстық қатынасқа түсу пайдалы болмақ.


Қатерлі ісіктің алдын алады

Бұл әсіресе ер-азаматтарға пайдалы кеңес. Оларға қатерлі ісіктің алдын алу үшін, яғни, қуықасты безі қатерлі ісігіне шалдықпас үшін айына 21 рет жыныстық қатынасқа түсу керек. Сонда аты жаман ауруға шалдығамын деп қорықпай-ақ қойсаңыз да болады.


Ұйқысыздықты жояды

Физикалық жаттығулар секілді төсектегі жақындасу да энергияны алып, ағзаны шаршатады. Босаңсыған дене тез ұйқыға кетеді. Сол себепті де ұйқысыздық мазалап жүргендерге жыныстық қатынастың көмегі көп.


10 жасқа жасартады

Егер сіз кем дегенде аптасына 3 рет секспен айналысатын болсаңыз, бұл сіздің жасаруыңызға, өз жасыңыздан 10 жасқа жас көрінуіңізге септігін тигізеді. Бұл да шетел ғалымдарының зерттеуінен кейінгі пайымы. Жасарып, жайнап жүруді қаласаңыз, түнгі әрекетіңізді жиілетіңіз.


Жүрек жұмысын жақсартады

Ғалымдардың зерттеуіне сүйенер болсақ, тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсетін 45 пайыз еркектерде жүрек ақаулары мүлде байқалмаған. Яғни, қимыл-қозғалыс қан айналымын жақсартып, жүректің де қалыпты соғуына оң әсер етеді екен.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Күйеуіңіздің БАСҚАҒА кеткенін қаламасаңыз, ТӨСЕКТЕ "түрленуді" үйреніңіз


Еркектерді есінен тандыратын 5 поза