​Ұрысқақ әйел еркекті БЕЛСІЗ етуі мүмкін

0
2 694
«Әйелі айғайлай берсе, еркектің белінің күші кете береді».

​Ұрысқақ әйел еркекті БЕЛСІЗ етуі мүмкін

Жақында біл әлеуметтік желіден «қазіргі жігіттердің 50 пайызға жуығы белсіз» деген өте жағымсыз жазбаны оқыдым.

Еркектің белсіздігі жақсы нәрсе емес. Ұрпақ жалғасын табуы үшін маңыздылығы бір басқа да, отбасында, некелі жұптардың арасында туындататын проблемасының өзі жетіп артылады. Сараптап көрсек, өзінің қауқары уақытына жетпей қайтып қалған еркектің ең біріншіден, ештеңеге зауқы соқпайды. Көргені теледидар, шеккені темекі, ішкені сыра боп кетуі әбден мүмкін. Мұндай әдеттерге үйір болған соң оның отбасынан береке қаша бастайды. Береке қашты дегенше, шаңырақты жел шайқалта бастады деген сөз.

Оның мақсаты жоғалады, көзінен нұры тайып, «әйтеуір күнім өтсе болдының» кебін киеді.

Одан басқа, төсек ләззатын қалайтын әйеліне қажетін өтей алмаған еркек ішінде тұншыға бастайды. «Менен басқа біреу...» деген күдік оянуы мүмкін. Оның алдында жайраңдап жүрген әйелі де басқаша көрінуі ғажап емес. «Бұл неге көңілді?» деген ойдың жүйріктігі талай жерге апарып тастап, көзсіз қызғаныш оянуы да мүмкін. Одан барып туындайтын кикілжің, ұрыс-керістің отбасына қалай әсер ететінін тәптіштеудің де қажеті жоқ.


МҰНДАЙДА ӘЙЕЛ НЕ ІСТЕЙ АЛАДЫ?

«Бәрі әйелдің қолында» деген текке таңылған теңеу емес. Таңданбаңыз, еркектің белсіздігі де, қауқарын арттыру да әйелдің қолында. Нақтырақ айтсақ, оған әйелі керемет әсер ете алады.

«Әйелі айғайлай берсе, еркектің белінен күші кете береді» дегенді естіп пе едіңіз? Әрине, «еркек те әйел дауыс көтермейтіндей жағдай жасауы керек» деген пікіріңіз де орынды. Дегенмен, еркектің белсіз болуына әйелінің үнемі көңілі толмаушылығы, жиі дауыс көтеруі, қит етсе ұрыса кетуі қатты әсер ететін көрінеді.

Иә, отбасында жиі болмаса да дауыс көтерісетін жағдайлар болып тұрады. Кейде тіпті, екі қолды төбеге қойып безіп кеткің келетін сәттер де болады. Бірақ, шаңырағын шайқалтқысы келмейтін, отбасын сақтап қалғысы келетін әйел алдымен басылуы тиіс. Мұның еркектің төсектегі қауқары сонау Алпысбай, Жетпісбайларды өмірге келтіре алатын жасқа дейін жетуіне пайдасы орасан. Тоқсанбайға жетсе, қанекей?!


Күйеуіңіздің белсіз болғанын қаламасаңыз (әйелдерге кеңес)

  • Оңаша отаудағы, көрпе астындағы шаруаны реттеп, жиі әрі уақытында еріңіздің «сұрағанын» беріп тұрыңыз. Кейін сіз «сұрағанда» «жоқ» деп тұрмауы үшін...
  • Еркекті ең алдымен «ОЛ - ЕРКЕК» деп сыйлаңыз, оған ең бірінші әйелінің алдында абыройлы болғаны маңызды. Еңсесін тік ұстайды, еңсесі көтерілген еркектің омыртқасы тік болады. Омыртқасын тіс ұстайтын еркектің «белінде» мәселе болмайды.
  • Момын екен де басына бермеңіз. Мәселен, «ұрысқанымды көтереді» деп себепсіз дауыс көтеру еркектің психологиясына қатты әсер етеді. Ол тап сол кезде сізге ештеңе білдірмеуі мүмкін, бірақ санаға сіңген кері әсер жиналып келіп «беліне» соққы жасауы мүмкін. Еркекті ЕРКЕК ететін ең бірінші заты, тегі болса, екіншіден ұрпақ өндіретін қауқары екенін ешқашан естен шығармағаныңыз дұрыс.
  • Сыртқа қатаң болсаңыз да, күйеуіңізге келгенде ең жұмсақ әйел болуыңыз керек.
  • Ертедегі римдік әйелдер күйеулерінің төсектегі әлеуетін сақтау үшін арнайы ас дайындайтын болған екен. Ол әлі де маңызды, сондықтан белсіздікке ұшыратпайтын ас мәзірін жиі дайындап беріңіз. Ет тағамдары, көкөніс салаттары мен ірімшік, зәйтүн майы қосылған дәмдер аптасына бір рет күйеуіңіздің алдынан табылса жақсы. Одан бөлек, құрма мен бал қосылған сүзбені де аптасына бір рет ас мәзіріне қосып тұрсаңыз, екі айда төсектегі қимылынан-ақ нәтижесін байқайсыз.
  • Еркектердің басым бөлігі дәрумен қабылдауды тек әйелге немесе балаға қажет деп түсінеді. Ал алдына қойып, қаншалықты маңызды екендігін айтсаңыз, уақытында ішіп тұрады. Сондықтан, жылына екі рет еркектің денсаулығына демеу болатын дәрумендер қатарын (дәрігермен кеңескен түрде) қабылдатуға тырысыңыз.
  • Теледидардың алдында жатуды, темекі мен сыраны қойдырудың тәсілдерін үйреніңіз, соған әсер етіңіз. Бірге жүгіруді, спорттық жаттығулар жасауға қалай көндіруге болатынын білесіз бе? Тағы да төсекпен «қармаққа» түсіруге болады. Жаттығуды оңаша жасап, бар мүсініңізді айшықтайтын ерекше киім киіңізші?! Қалай елікпесін... Жаттығудан соң бірге душқа түсу үшін сіздің айтқаныңызға көнбеуі екіталай.

Еркек сырттан ешқашан көмек іздемейді. Қашанда бірінші кезекте әйелінен күтеді. Сол күткенінен шыға алсаңыз болғаны.

Еркектің белі мықты, әлеуеті әйелді алып жығып рахатын сезіндіретіндей болса, мұндай жұптарды тұрмыстық проблемалар тұқырта алмайды.

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Мұны жасаған әйелдің күйеуі ешқашан көңілдес іздемейді (21+)


Сексолог НЕНІ және ҚАЛАЙ емдейді?

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет