​ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС кезінде адам тәнінің ҚАЙ ЖЕРІ жаттығады?

0
16 519

"Көрпеасты" шаруасы да фитнес залындағыдай жаттығу алаңы.


​ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС кезінде адам тәнінің ҚАЙ ЖЕРІ жаттығады?

Тән қалауын қанағаттандыратын қатынаста жұмсалатын қуаттың мөлшері ауырлығы орта деп есептелетін жұмыспен тең көрінеді. Оргазм кезінде адам ағзасынан 400 ккал-дан артық жұмсалады. Демек, жыныстық қатынас та фитнес залындағыдай жаттығу алаңы деген сөз.

Сонда дейміз ғой, жыныстық қатынас кезінде адамның дене мүшелерінің қай тұстары жаттығып, шынығады?


Қол мен иық

Жыныстық қатынас кезінде қол мен иықтың тіреуіш қызметін атқаратыны белгілі. Әсіресе, қолға түсетін күш көп. Әлбетте, оған түсетін ауырлықтың жартысын иық көтереді.

Түрлі «позада» да қол мен иыққа күш түсетін болғандықтан, жатын жайға жайғаспас бұрын аздап иық бұлшықеттерін қыздырып алған артықтық етпейді. Есесіне, ең бір «қызықты» сәтте иық-қол бұлшықеттері тартылып немесе талып кетіп, әрекетті тоқтатудан аулақ боласыз.


Кеуде бұлшықеттері

«Махаббат ойынымен» айналысып жатқанда кеуде бұлшықеттері де едәуір шынығады. Әсіресе, шынтақ-тізе «позасын» қолданғанда… Бұл кезде дененің жоғарғы бөлігі жиырылып-бүгілетін болғандықтан ең алдымен кеуде бұлшықеттеріне әсер етеді.

Бұған да алдын ала дайындалып алуға болады. Ол үшін жыныстық қатынастан бұрын азды-көпті «отжимание» жасап алсаңыз, жеткілікті.


Ерте көктемде жабайы сарымсақ жеген ЕРКЕКТІҢ жары алғашқы түннен ҚҰРСАҚ КӨТЕРЕДІ

Құрсаққа «пресс»

Байқаған болсаңыз, жыныстық қатынас кезіндегі екі жұп та бұл шынығудан алыс кетпейді. Тән қалауын орындап жатқанда әйел мен еркектің қай-қайсысы болмасын, бірі еңкейіп, екіншісі ұмтылып барып сүю әрекеті бірнеше рет орындалады. Осындай сәтте қимылдың басым күші құрсаққа түсіп, еріксіз «пресс» жасайсыз.

Бұл кезде ескеретін жайт – дене түзу болуы керек. Әнтек бұрылған қалыпта серігіңізді сүйемін деп оқыс қимылдан бүйіріңізді ауыртып алуыңыз ғажап емес.

Алдын ала «пресс» жасап дайындалудың да төсек ләззатын алуда пайдасы көп тиеді.


Бөксе мен жамбас

Бөксенің қимылы арқылы «жаттығу» жасайтынын айтып жату артық болар. Дегенмен, әйелдер үшін өте пайдалы «жаттығу» екенін ескерген жөн. Мұнда еркектің көмегі көп, емеурінмен беліңізден ұстап тұруын білдірсеңіз, жетіп жатыр.

Бұл қимылға дайындық – күн сайын жасалатын жаттығу ішіндегі отырып-тұру. Егер бұл жаттығуды ұдайы жасап тұрған болсаңыз, аталған «позада» қиындық тумайды.


Арқа және сегізкөз бұлшықеттері

Арқаның кеуде бұлшықеттерімен бірге шынығатыны түсінікті. Кеуде керіліп-созылған сайын оның әсері арқаға да беріледі. Ал сегізкөздің бұлшықеттері бөксе мен жамбас қимылдауынан жиырылып-созылатыны да белгілі.

Мұндай кезде де жарақат алып қалу қаупі бар. Сондықтан, омыртқаны керіп-созу жаттығуы алдын ала орындалуы қажет.


Балаға ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС туралы түсіндіргенде 7 ҚАТЕЛІККЕ жол бермеу керек

Қасаға-құйымшақ бұлшықеті

Қасаға-құйымшақ бұлшықетінің қайда орналасқанын зәр шығаруды ортасынан тоқтату арқылы сезінуге болады. Зәрді тоқтату кезінде тап осы бұлшықеттер жұмыс жасайды. Осы әрекетті дұрыс жасай алатын болсаңыз, оның өте жақсы дамығаны деген сөз. Бұл бұлшықеттердің шыныққаны босану процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар, серігіңізге сексуалды тартымды ете түседі.

Қасаға-құйымшақ бұлшықетін осылайша жиырып-босату әдісі жыныстық қатынаста маңызды рөл ойнайды. Мұнан тек еркек қана емес, әйел де ләззат алады.

Осынау бұлшықетті шынықтыру үшін күніне бір рет жиырып-босатып, жаттығу жасап жүрген жөн.


Жүрек

Жыныстық қатынас кезінде ең көп жаттығу жасайтын мүше – жүрек. Тұрақты жыныстық қатынаста болу – жүрек-қантамыр жүйесі үшін тиімді жаттығу жасаумен тең.

Адам ағзасы қозудың жоғары дәрежесіне жеткенде, қан қысымы сынап бағанасының 200/120 мм деңгейіне жетеді екен. Ал жүректің соғысы минутына 180 рет соғуға дейін барады. Ал тыныс салу үш есе артады.

Осындай өзгеріске ұшырағанда жүректен басқа қанша ағза жаттығатынын бағамдай берерсіз.

Ескеретін жайт – бұған да жаттығу қажет. Жүгіру, жаяу жүру сияқты жүйелі жаттығулар ретін жасап жүру жыныстық қатынас кезінде алқынып, тыныс тарылу сияқты жайсыздықтан құтқарады.

Әлбетте, денсаулықта кінәрат болса, дәрігердің кеңесіне жүгіну керектігін білетін ересек жансыз.

Бұл - «төсек шаруасында» ойда жүретін жайттар болуы тиіс.

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ