​10 мың сарбаз мақта теріп жүр

0
1 604

Олардың арасында бір жылдық және бір айлық келісім-шартпен әскерге алынған сарбаздар, сонымен бірге әскери қызметке бес жылдық мерзімге алынған қызметкерлер бар.


​10 мың сарбаз мақта теріп жүр

ERNUR.KZ. Егіс алқабында мақта қалмаса да, Өзбекстан Қарулы күштерінің он мың сарбазы Сырдария облысы Акалтын ауданында мақта теріп жүр.

Бұл ақпаратты Акалтын ауданында мақта теріп жүрген сарбаздардың бірі хабарлаған. Оны Сырдария облыстық әкімшілігінің бір қызметкері растады. Шенеуніктің айтуынша, қазіргі таңда он мыңға жуық сарбаз мақта теріп жүр.

Олардың арасында бір жылдық және бір айлық келісім-шартпен әскерге алынған сарбаздар, сонымен бірге әскери қызметке бес жылдық мерзімге алынған қызметкерлер бар.

Бұхарадағы әскери бөлімдердің бірінде қызметін өтеп жүрген сарбаздардың бірі 20 қыркүйектен бері мақта теріп жүргенін хабарлаған.

"Бізге мақта алқабында 5 желтоқсанға дейін болатынымызды айтты. Күн суытып келеді, алқапта мақта қалмады. Күні бойы әрбір сарбаз бар болғаны 2-3 келі сапасыз мақта жинайды. Біз уақытты босқа өткізіп жүрміз. Оның орнына әскери дайындықтан өткеніміз жақсы еді", – деді сарбаз.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, елде жыл сайын 30-35 мың адам әскери қызметке алынады. Қазіргі таңда Өзбекстан Қарулы күштерінде 48 мың адам бар.


Дереккөз:centralasian.org/a/