10 жастағы баладан жүкті болған 13 жастағы қыз әйгілі телешоуға қатысты (видео)

0
946

Оқушыны үздік астаналық дәрігерлер тексерген.


10 жастағы баладан жүкті болған 13 жастағы қыз әйгілі телешоуға қатысты (видео)

ERNUR.KZ. Ресейдің Железногорск қаласында жетінші сыныпта оқитын он үш жастағы қыз болжам бойынша он жастағы досынан жүкті боп қалған. Болашақ ана сәбиді босанамын деп шешкен екен. Журналист Андрей Малахов оқиғаға қатысы бар азаматтарды өзінің "Прямой эфир" бағдарламасына шақырыпты, деп жазады Skifnews.kz.

Оқушылар бағдарламаға қатысты. Түсірілім кезіндегі фотолар желіде жарияланды. Сәрсенбі күні "Россия-1" телеарнасында он жастағы бала сәбидің әкесі бола ала ма деген мәселе талқыланбақ.

Ал телеарна сайтында бағдарлама анонсы пайда болды. Бағдарлама 22 қаңтар күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 18:30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21:30) эфирге шығады.

"Красноярск өлкесіндегі атышулы оқиға. Он үш жастағы Даша он жастағы досы Ванядан жүкті боп қалды. Дашаның отбасының таныстары мен көршілері сәбидің әкесі шын мәнінде ересек азамат деген сенімде. Олар бұл фактіні Дашаның жанұясы мұқият жасырып отыр дейді", - деді Андрей Малахов бүгінгі бағдарламаға арналған трейлерде.

Оның айтуынша, оқушыны үздік астаналық дәрігерлер тексерген. Енді олар он жастағы бала сәбидің әкесі бола ала ма деген сұраққа жауап беріп, атышулы оқиғаға нүкте қоймақ.

Полиция бұл оқиға бойынша тексеруді бастап кетті әрі қылмыстық іс те қозғады. Кінәлі адам он жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет