​11 адам сібір жарасымен ауруханаға түсті

0
1 416

Бұл дерт көбінесе адамның терісін, кейде ішкі ағзасын зақымдайды.


​11 адам сібір жарасымен ауруханаға түсті

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бұл жағдай туралы 25 маусымда белгілі болған, деп жазады ria.ru сайты. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ERNUR.KZ. хабарлайды.

Қырғызстанның Базар-Коргон ауданында он бір адам сібір жарасы дертімен ауруханаға жатты.

«25 маусымда Базар-Коргон ауданы Жаны-Акман ауылының тұрғыны сібір жарасына күдікпен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта ол жақтағы аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 11 адам осы дертпен сырқаттанып жатыр», - делінген хабарламада.

Дәрігердің айтуынша, ауруханаға жатқызылғандар ем-дом алып жатыр.

«Ауру шыққан жердегі малдардың сараптамасы алынды. Ол сараптама жұмысы үшін қолданылады», - дейді дәрігер.

Сібір жарасы – адамға да, малға да ауыр тиетін, ағазаның улануымен сипатталатын ауру түрі. Бұл дерт көбінесе адамның терісін, кейде ішкі ағзасын зақымдайды.