12 жастағы бала Мексикадағы ең ірі университеттің студенті атанды

0
1 488

Ол аналитикалық химия, биохимия және молекулалық биология пәндері бойынша курсты сәтті аяқтаған.


12 жастағы бала Мексикадағы ең ірі университеттің студенті атанды

ERNUR.KZ. 12 жастағы талантты бала Ұлттық автономды жоғарғы оқу орнының студенті атанды, деп жазады massaget.kz.

12 жастағы талантты бала Карлос Антонио Мексикадағы ең ірі университет саналатын Ұлттық автономды жоғарғы оқу орнының студенті атанды.

Карлос Антонио Сантамарияны университеттегілер 9 жасынан бастап біледі екен. Ол аналитикалық химия, биохимия және молекулалық биология пәндері бойынша курсты сәтті аяқтаған.

Сондай-ақ, оқуды жалғастыру мақсатында Карлос 6 тамыздан басталатын биомедицина курсын таңдады.

"Ол ата-анасы ертіп келетін жалғыз студент болады", – делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Айта кетейік, жоғарғы оқу орнына кіру мүмкіндігіне ие болу үшін Сантамария орта мектептің бітіру емтихандарын мерзімінен бұрын тапсырған.

"Мен тек қана оқуды қалаймын. Егер мені есіктен қуып жіберсе терезеден кіремін", – дейді жас студент.

Талантты баланы Мексикадағы АҚШ елшілігі "гений және кішкентай мексикалық талант", – деп құттықтады.