125 мың доллар төлеп ғарышта үйлене аласыз

0
454

Бұдан былай адамдар ғарыш кеңістігінде некеге отыра алады.


125 мың доллар төлеп ғарышта үйлене аласыз

ERNUR.KZ. Space Perspective деп аталатын компания ғарышта некеге тұруға мүмкіндік беретін ұшулар ұйымдастыратынын хабарлады. Алып шармен ұшу үшін 125 мың доллар төлеген жұптар аспан әлемінде үйленеді, деп жазады inbusiness.kz.

Space Perspective негізін қалаушы Джейн Пойнтер жұптардың 125 мың доллар төлеп ғарышта үйленуіне мүмкіндік беретін жобаға адамдар 2024 жылдың соңына дейін кезекке тұрып қойғанын, тізімнің толық екенін айтты.

Жұптар компанияның "Нептун" деп аталатын ғарыш шарымен көтеріледі. Штаб-пәтері Аризонада орналасқан компанияның мамандары Нептун ғарыш шарының тағы бір ерекшелігіне назар аударды. Олардың айтуынша, Нептунның терезелері ғарышта саяхаттайтын көліктер арасындағы ең үлкен терезе болмақ.

Компанияның сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, өз есімдерін бронь тізіміне енгізгісі келетіндер кем дегенде 125 мың доллар төлеуі керек.