Белгілі болғандай, 40 жастағы дәулетіне сенген қытайлық 16 жастағы бойжеткенді қалыңдық етпекші болады. Бұл ұсынысын «болашақ қайынжұртына» естірткенде олар сол мезетте-ақ бас тартқан.
Қытайда жиен қарындасына көз салған қытайлықты қыздың ағасы өз қолымен өлтірген, - деп жазады Ernur.kz тілшісі Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.
Алтай өңіріндегі Шіңгіл ауданы тұрғындарының бірі ауыр жағдайдың орын алғанын жергілікті басылымға айтқан.
Белгілі болғандай, 40 жастағы дәулетіне сенген қытайлық 16 жастағы бойжеткенді қалыңдық етпекші болады. Бұл ұсынысын «болашақ қайынжұртына» естірткенде олар сол мезетте-ақ бас тартқан. Әйтсе де алған бетінен қайтпайтын ниетін танытқан «Ромеоға» қатты ашуланған қыздың ағасы, оны ат құйрығына байлаған күйі ен далаға шауып кете барады. Қытайлық азамат дене жарақаттарынан бақилық болған.
Қайғылы оқиғаның салдарынан қылмысқа жол берген отбасы қамауға алынды. Олардың ендігі тағдыры әзірге белгісіз.