18 жастағы канадалық оқушы лотореядан 36 млн АҚШ долларын ұтып алды

0
1 011

Джулиетт ақшасының бір бөлігін біліміне жұмсап, дәрігер болғысы келеді.


18 жастағы канадалық оқушы лотореядан 36 млн АҚШ долларын ұтып алды

ERNUR.KZ. 18 жастағы канадалық Джулиетт Ламур бірінші талпыныстан 48 млн Канада доллары (35,8 млн АҚШ доллары) көлемінде джекпот ұтып алып, лоторея тарихындағы ең жас жеңімпаз атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Канада баспасөзінің жазуынша, қызға әкесі лоторея билетін толтыруға кеңес берген. Ұтысқа ие болғанын естіген сәтте бірден әкесінен сүйінші сұраған.

«Қатты жыладым. Қуанғаннан жыладым, әрине. Әлі күнге дейін сене алар емеспін, өмірімдегі алғашқы лотореядан джекпот ұтып алдым», - деді Джулиетт журналистерге.

Оның айтуынша, билет толтырғанын ұмытып кеткен. Кейін жаңалықтардан 7 қаңтарда өткен ойында Онтарио штатында, оның туған қаласында біреудің жүлде ұтқанын оқыған.

Жұмыста отырып, лоторея ұялы қосымшасына кіргенде экраннан «Жеңімпаз» деген жазуды көрген. Әріптестері де қуаныштан айқайлаған, деп еске алады бойжеткен.

Джулиетт ақшасының бір бөлігін біліміне жұмсап, дәрігер болғысы келеді. Ол әрқашан медициналық білім алуды армандаған, бірақ оған грант немесе ақша керек болған.

Қазіргі уақытта ол өз қаласында қалып, қоғам үшін еңбек етпек.

Ақшасының бір бөлігін мектепті бітірген соң (Канадада 17-18 жасқа дейін оқиды) демалуға жұмсайды.

«Мектепті бітірген соң отбасымызбен кез келген құрлықты таңдап, оны зерттеуге барамыз. Әртүрлі елдерге барып, оның тарихымен және мәдениетімен танысып, тамағынан дәм татып, тілін тыңдағымыз келеді», - деп бөлісті Джулиетт Ламур арманымен.

«Ақша адамның жеке басын көрсетпейді, сені өмірде немен айналысатының айқындайды», - деп есептейді ол.