19 жастағы бойжеткен әлемді ұшақпен жалғыз аралайды

0
1 040

Резерфорд 30 жасында әлемді ұшақпен аралап шыққан тегі ауған, АҚШ азаматы Шаеста Вайстың рекордын жаңартамын деп сенеді.


19 жастағы бойжеткен әлемді ұшақпен жалғыз аралайды

ERNUR.KZ. Бельгиялық Зара Резерфорд осындай тәуекелге бел буып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер ол діттеген мақсатына жетсе, рекорд орнатады. Оның сапары 3 айға созылмақ. Осы аралықта Зара «Гренландия, Қытай және Никарагуа сияқты 52 елде боламын» деп жоспарлап отыр.

- Орташа алғанда күніне шамамен 5 сағаттай ұшамын. Жолда 3 күннен кейін үзіліс жасаймын. Менде шаршау және жалғыздық сияқты 2 қиындық туындауы мүмкін деп ойлаймын, - дейді ұшқыш Зара Резенфорд.

Арманшыл бойжеткен осы бастамасы арқылы қыз-келіншектерді терең білім алып, ғылым, техника, инженерия, математика және авиация салаларында белсенді жұмыс істеуге шақырады. Резерфорд 30 жасында әемді ұшақпен аралап шыққан тегі ауған, АҚШ азаматы Шаеста Вайстың рекордын жаңартамын деп сенеді.