​2026 жылғы футболдан әлем біріншілігі АҚШ, Канада және Мексикада өтеді

0
1 491

Мәскеуде 13 маусым күні өткен Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) конгресінде ұйымға мүше елдер 2026 жылғы әлем біріншілігін солтүстікамерикалық үш елде өткізуді қолдап дауыс берді.


​2026 жылғы футболдан әлем біріншілігі АҚШ, Канада және Мексикада өтеді

2026 жылы футболдан әлем біріншілігін АҚШ, Мексика және Канада бірігіп өткізетін болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Мәскеуде 13 маусым күні өткен Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) конгресінде ұйымға мүше елдер 2026 жылғы әлем біріншілігін солтүстікамерикалық үш елде өткізуді қолдап дауыс берді.

2026 жылғы әлем біріншілігін өткізуге бұл үш елден өзге Марокко да үміткер болған. АҚШ, Канада және Мексика бірге 134 дауыс, Марокко 65 дауыс жинады. FIFA конгресі Ресейде 2018 жылғы футболдан әлем біріншілігінің басталуына бір күн қалғанда өтіп отыр.

Футболдан әлем біріншілігі 2022 жылы қараша-желтоқсан айларында Катарда өтеді.