21 жастағы биші қыз президент сайлауына түспек

0
2 015

Ол ел басшысы болса, ең алдымен еркектерге айыппұл салатынын айтты.


21 жастағы биші қыз президент сайлауына түспек

ERNUR.KZ. Тунис елінде 21 жастағы биші қыз Нермин Сфар президент сайлауына түсіп жатыр. Егер ол президент болса, қыздарға қандай жағдай жасайтынын айтты, деп жазады Stan.kz.

Президенттік сайлауға түскен сұлу бикеш сайлау алды бағдарламасында әйелдер құқығы мәселесін көтерді. Нермин әйелдің сеніміне кіріп, оны алдап кететін ер адамдарға қатаң заң қолданатынын айтты. Егер президент болса, онда нәзік жандылардың сезімімен ойнағандарға айыппұл салатынын ескерте кетті.

Сондай-ақ, мүлік жайында да сөз қозғады. Яғни, мүліктің тең жартысы әйелдің атында болса, ал еркекке бір бөлігі қалатын заң қабылдауды дұрыс есептейді.
Ол ғана емес әйел не кисе де өз еркінде болады. Хиджаб па, әлде ашық-шашық киіне оған ешкім қарсы тұра алмайды. Бұдан басқа биші ұлттық киімді көбірек насихаттауды жөн санайтынын айтты.

Нермин сайлау кезінде Тунис халқына нан арзан бағада сатылатынына уәде берді. Бойжеткен болашақта бұл уәделерін орындай ма, жоқ па ол 15 қыркүйектен кейін ғана белгілі болады. Онымен бірге президент сайлауына 55 адам қатысып жатыр. Осы уақытқа дейін елді 92 жасқа келіп қайтыс болған Аль-Баджи Гаида ас-Себси басқарып келген.