26 ақпанда Ресей президенттігіне үміткерлердің дебаттары басталады

0
1 030

26 ақпан күні Ресей Федерациясы президенттігіне үміткерлердің сайлауалды дебаттары басталады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.


26 ақпанда Ресей президенттігіне үміткерлердің дебаттары басталады

фото: ҚазАқпарат

26 ақпан күні Ресей Федерациясы президенттігіне үміткерлердің сайлауалды дебаттары басталады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Сайлауалды дебаттар үшін тегін эфирлік уақытты: «Россия 1», «Первый канал», «Россия 24», «ТВ Центр», Ресейдің қоғамдық телеарнасы, «Радио России» телеарнасы, «Маяк» және «Вести ФМ» ұсынды. РФ Орталық сайлау комиссиясынан мәлім еткендей, телеарналар мен радиостанциялар «бірлескен агитациялық іс-шаралардың» форматын өздері белгілейтін болады. Яғни олар пікірсайыс, «дөңгелек үстел» немесе дебаттар түрінде өтуі мүмкін. Ресейдің іс басындағы президенті, жаңа мерзімге өз-өзін ұсынып отырған Владимир Путин дебаттарға қатысудан бас тартқандықтан, телекөрермендер жеті кандидаттың: Сергей Бабуриннің («Ресей жалпыхалықтық одағы» партиясы), Павел Грудининнің (Ресей Федерациясы Коммунистік партиясы), Владимир Жириновскийдің (Ресейдің либералды демократиялық партиясы), Ксения Собчактың («Азаматтық бастама»), Максим Сурайкиннің («Ресей коммунистері»), Борис Титовтың (Өсім партиясы) және Григорий Явлинскийдің («Алма») пікір таласын тамашалайтын болады. Айта кетейік, Ресейдің либералды демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновский тікелей эфирдегі кейбір сайлауалды дебаттардан бас тартып, оларды алдын ала жазып көрсетуді ұсынды.