27 жастағы жігіт кофе қайнатпақ болып, байқаусызда ондаған үйді өртеп жіберді

0
884

Аргентинаның Кордоба провинциясында ондаған отбасыны баспанасыз қалдырған орман өртімен мыңға жуық өрт сөндіруші мен еріктілер, сегіз ұшақ пен екі тікұшақ күресіп жатыр.


27 жастағы жігіт кофе қайнатпақ болып, байқаусызда ондаған үйді өртеп жіберді

ERNUR.KZ. Аргентиналық кофе қайнатпақ болып, байқаусызда ондаған үйді өртеп жіберді, деп жазады Stan.kz.

Аргентинаның Кордоба провинциясында ондаған отбасыны баспанасыз қалдырған орман өртімен мыңға жуық өрт сөндіруші мен еріктілер, сегіз ұшақ пен екі тікұшақ күресіп жатыр. Алапат өрт ондаған үйді қиратып, 600-ден астам отбасы эвакуациялануға мәжбүр болды.

56 мың адам тұратын Вилья-Карлос-Пас курорттық қалашығындағы тұрғын үйлерге жалын түнде жеткен. Халық бассейндеріндегі сумен өртті сөндіруге мәжбүр болып, кем дегенде он шақты үй жанып кетті. Ауада жайылған қою түтіннен қала тұрғындарының тыныс алуы қиындауда.

"Халықты өрт сөндірушілер мен зардап шеккен аймақтарда жұмыс істейтін құзырлы органдардың нұсқауларын орындауға шақырамын. Ең бастысы - адамдардың өмірін сақтап қалу, ал егер эвакуация қажет болса, біз оны орындаймыз", - деді Кордова провинциясының губернаторы Хуан Скьяретти.

Өртке кінәлі деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды. Ол полицияға кофе қайнату үшін далада от жаққанын, бірақ қатты желдің салдарынан "жалын бақылаудан шығып кеткенін" айтты.

Өрт жалғасуда. Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі жағдайды өте қиын деп бағалайды, себебі ауа райы өртті сөндіруді қиындатуда. Аргентинада бірнеше күннен бері қатты аптап ыстық болып, желдің жылдамдығы 35 км/сағ жетіп жатыр. Ел тарихындағы ең ауыр құрғақшылықты бастан кешуде.