30 жастағы келіншек бірден 5 сәбиді дүниеге әкелді

0
2 807

Келіншек Тәжікстан тұрғыны.


30 жастағы келіншек бірден 5 сәбиді дүниеге әкелді

Тәжікстанда алғаш рет бесем дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ozodi.org сайтына сілтеме жасап.

Тәжікстанның Кубодиен ауданының 30 жастағы тұрғыны өмірге бірден 5 сәби әкелді. Дәрігерлердің айтуынша балалар бақылауда және олардың жағдайы жақсы.

Осыған дейін 2 сәбиді дүниеге әкелген Дильгоза Мамадова тағы 2 ұл мен 3 қызды бірден босанып, 7 баланың анасы атанды.

Жүкті келіншек босанғанға дейін 2 ай дәрігерлер бақылауында және соңғы 20 күнде перзентханада болған.