50 тонна есірткі тәркіленді

0
1 272

Зертхананың жанындағы қоймадан табылған есірткіні бөшкеге салып, жерге көміп қойған


50 тонна есірткі тәркіленді

фото: 24kz

ERNUR.KZ. Мексика теңіз жаяу әскерінің сарбаздары Сина-лоа штатында салмағы 50 тонна болатын химиялық есірткі түрі метамфетаминді тәркіледі, деп жазады. 24.kz

Арнайы жасақ заңсыз жүкті жасырын зертханананың жанындағы қоймадан тапты. Қылмыскерлер оларды бөшкеге салып, жерге көміп қойған.

Полицияның мәлімдеуінше, бұл елде қолға түскен ең ірі есірткі партиясы. Ол осы өңірдегі есірткі сатумен айналысатын топ басшысының біріне тиесілі болуы мүмкін деп отыр.

Қазір заңсыз жүкке қатысты тергеу жүріп жатыр. Әзірге операция барысында қанша адамның тұтқындалғаны белгісіз.