5300 жыл бұрын адамдар не жеген? - Ғалымдар пікірі

0
1 832

Эци Этцаль аңғарының қасынан табылғандықтан оның жас мөлшері 5300 жыл.


5300 жыл бұрын адамдар не жеген? - Ғалымдар пікірі

фото: укроп.org

ERNUR.KZ. Eurac Research италиялық зерттеу орталығының жетекшілігіндегі ғалымдар тобы 5300 жыл бұрынғы мумия адамның асқазан ішін зерттеп көрді. Зерттеу барысында жеген соңғы тамағы анықталды, - деп жазады tengrinews.kz.

Микроскопия әдісі арқылы ғалымдар Эцидің организімінде улы құстың, жаңа піскен немесе кептірілген ешкі етінің, бұғы мен дәнді дақылдар қалдықтары табылды деп хабарлады. "Эцида мүмкін майлы тамақтардан құралған диета болған шығар", - дейді зерттеушілер.

Эцидің асқазан құрамының 46 пайызы жануарлардың майынан құралған. Ғалымдардың пікірінше, мұндай тамақ мәзірі аң аулау барысында үнемі энергияны үнемдеу қажеттілігіне байланысты болған. Эци өзінің соңғы тамағын өліміне дейін 30 минут пен екі сағат аралығында жеген деп жазады зерттеушілер.

Эци 45 жасында оның замандастарымен бірге екі күндік шайқас нәтижесінде қайтыс болған деген тұжырымға келді ғалымдар. Хальколит дәуірінің мумия адамы 1991 жылы Эцтал Альптасында табылған және әлемдегі ең көне мумиялардың бірі болып саналады. Эци Этцаль аңғарының қасынан табылғандықтан оның жас мөлшері 5300 жыл.