6 жасар бала өлер алдында ішкі ағзаларын мұқтаж жандарға беруді өтінді

0
3 555

Ағзасын мұқтаж жандарға беруді өтінген Уильям Кой 17 шілде күні үйінің терезесінен құлап кетті.


6 жасар бала өлер алдында ішкі ағзаларын мұқтаж жандарға беруді өтінді

ERNUR.KZ.Англияның Линкольн қаласында алты жасар бала өлер алдында ішкі ағзасын басқа адамдардың өмірін құтқару үшін сыйға тартты, деп жазады stan.kz.

Ағзасын мұқтаж жандарға беруді өтінген Уильям Кой 17 шілде күні үйінің терезесінен құлап кетті. Оны бірден ауруханаға жеткізгенімен, бірақ екі күн бойы өмір үшін күрескен бала жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

Кейіннен, баланың жантебірентерлік ақырғы өтініші жайлы белгілі болды. Кой ауруханада жатқан кезінде қайтыс болғаннан кейін басқа науқастарға донор болуға және ағзасын мұқтаж жандарға сыйға тартуға ниет білдірген.

Оның ата-анасының досы Лаура Уилсон бала қайтыс болғанға дейін анасымен бірге қалай донор болуды қарап шыққанын айтты.

«Ол өте сезімтал және мейірімді бала болды. Ал, ол басқа отбасыларға бақыт сыйлағанын білсе, қатты қуанар еді», – деді ол.