60 млн доллар джекпот ұтқан азамат ұтысын отбасынан жасырып келген

0
907

Ол 60 миллион долларды құрайтын ұтысын отбасына мәлімдеу үшін 10 ай уақыт күткен.


60 млн доллар джекпот ұтқан азамат ұтысын отбасынан жасырып келген

ERNUR.KZ. Бон Труонг отыз жыл бойы апта сайын бірдей сандық билетті сатып ала беріп, соңында осындай нәтижеге қол жеткізген, деп хабарлайды ktk.kz.

Канада тұрғыны өз әйелінен джекпот ұтып алғанын жасырып келген. Үш баланың әкесі өзінің мультимиллиардер екендігін жақын уақыта дейін жасырын ұстапты. Бон Труонг отыз жыл бойы апта сайын бірдей сандық билетті сатып ала беріп, соңында осындай нәтижеге қол жеткізген. Ол 60 миллион долларды құрайтын ұтысын отбасына мәлімдеу үшін 10 ай уақыт күткен.

Вьетнаман Канадаға 1970 жылы көшіп келген Труонг 2018 жылы 26 қазан күні Lotto Max лотореясының джекпот иегері атанды. Алайда сыйлығын енді ғана алған канадалық отбасына қазір мәлімдеп отыр.

«Мен телефоныма қарадым. Қатты қобалжып кеттім де, біраз сабама түскендей болып отырып, қайта қарап ұтысыма көзім жетті» ,- дейді ұтыс иесі.

Троунг ұтқан қомақты қаржысымен ипотекасын өтеп, отбасымен демалуға кетпек екендіктерін айтты.