65 жастан асқан шенеуніктер қызметінен босатылып, кәсіби мамандар келді

0
610

Президенттің мұндай қадамға баруына елде сыбайлас жемқорлықпен күрес, экономика секілді салаларда реформалардың тиісті деңгейде орындалмағаны себеп болған.


65 жастан асқан шенеуніктер қызметінен босатылып, кәсіби мамандар келді

ERNUR.KZ. Әзірбайжанда 9 ақпанда парламенттік (Милли межлис) сайлау өтеді, деп жазады Skifnews.kz.

Әзірбайжанда өтетін бұл жолғы сайлау ерекше маңызға ие. Себебі, Президент Ильхам Алиев өткен жылдың соңында батыл реформалар жасап, «Милли межлис»-ті таратып жіберген болатын. Олардың ішінде, жасы 65-тен асқан шенеуніктер қызметінен босатылды. Президенттің мұндай қадамға баруына елде
сыбайлас жемқорлықпен күрес, экономика секілді салаларда реформалардың тиісті деңгейде орындалмағаны себеп болған. Орны босаған шенеуніктердің орнына шет елдерде біліктілігін арттырып келген кәсіби мамандарды қойды.

Оған қоса, ауыл шаруашылығы мен сыртқы саудада жасаған реформалары жақсы көрсеткішке жетіп, Әзірбайжан халықаралық рейтингтік көрсеткіште бірнеше сатыға жоғарылады. Сол арқылы Ильхам Алиев беделін көтеріп алды.

9 ақпанда өтетін парламенттік сайлаудың нәтижесінде, Әзірбайжанда жаңа парламент құрылып, жаңарған талаптарға жауап бере алатын, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін парламент қалыптасуы мүмкін.