"8 күнде салынған аурухана": Қытайда коронавирусқа шалдыққандарға арналған аурухана құрылысы аяқталды

0
977

Аурухана 1000 адамға шақталған.


ERNUR.KZ. Қытайда вирус жұқтырғандар саны артып жатқандықтан, мемлекет билігі коронавирус ошағы саналатын Ухан қаласының орталығынан жаңа аурухананы ашуды жылдамдатпақ, деп хабарлайды ktk.kz.

«Мың орындық аурухана небәрі сегіз күнде салынды. Бұл - коронавируспен күресуге арналған екі мекеменің бірі. Қазіргі таңда Қытайда вирус жұқтырғандар саны 17 мыңнан асты. Ал коронавирустан 361 адам қаза тапты», - деп жазады "Синьхуа" басылымы.

Аурухана 1000 адамға шақталған. Онда 1400 әскери дәрігер жұмыс істейді.

«Хубэй провинциясындағы ауруханалар лық толы. Сол себепті жаңа аурухананы пайдалануға беру уақыты жылдамдатылады», - деп жазады басылым.