​85 жастағы қария миллион доллар ұтып алды

0
470

Ақшаны балаларына бермек, жартысына әйелі екеуі саяхатқа шықпақ.


​85 жастағы қария миллион доллар ұтып алды

ERNUR.KZ. АҚШ тұрғыны әйелінің қатерлі ісіктен толық емделгенін білген соң қомақты ұтысқа ие болды, деп жазады stan.kz.

21 желтоқсан күні Нью-Джерси штатының тұрғыны 85 жастағы Гарольд Макдауэлл әйелінің ағзасында қатерлі ісік торлары қалғанын біледі. Әйелі бауыры мен ішегінің қатерлі ісігі үшін бірнеше ота жасатады. Ал, сенбі күні жолдасы Атлантик-Ситиде казиноға аттанып, 1 млн доллар ұтып алды.

Зейнеткер покер ойнап, 5 доллар тігеді. Оған флэш-рояль бубен түскен. Бұл 20 млн жағдайдың бірінде ғана кездеседі.

Зейнеткер казиноға әйелімен бірге барған. Күйеуі әйеліне жеңісі жайлы айтқанда ол жаман сөздер айтып айқайлап жіберіпті.

Мен ессіз адам секілді отырып қалдым”, – дейді қария.

Қария қомақты ақшадан да әйелінің денсаулығы маңызды екенін атады. Ақшаны балаларына бермек, жартысына әйелі екеуі саяхатқа шықпақ.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет